0 дауыс
1.4k көрілді
Помогите пожалуйсто написать, шығарма " Мен жастарға сенемін " жоспарымен бірге! Өтінемін.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен жастарға сенемін!

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!»

М.Жұмабаев

       Тамыры терең жайылған, қиыр даланы төске алып, Еуразияның кіндігінен орын тепкен, кең байтақ қазақ жері, тарихы терең қойнауда жатқан,баға жетпес қазыналы, Мұхтарша айтқанда «қырқасынан қыран ұшқан»  тұңғиық табиғатқа ие қазақ даласы қазіргі таңда даму сатысынң жоғарғы шебінде жүргені айқын. Сара жол салып берген Сақ бабамыздың дәуірінен кейін қанша дәуір өтсе де, еліміз әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған, мәртебесі биік,  мерейі асқақ, тағылымы мен толғауы мол, болашаққа байыппен белін буып аттанып  отырған, әлемнің іргесі биік елдерімен терезесі тең  мемлекетке айналып отыр.Бұның барлығы, әрине, алдымен жаратушы Алланың, содан соң  елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  сарабдал  салиқалы саясатының арқасында деп білемін.

Әрине, мұндай дәрежеге қол жеткізудің жолында еліміздің әрбір азаматының еңбектері сіңді.Олардың әрбірі қиналып, ауыр жұмыс істеген жоқ, жай ғана  еліне деген, жеріне деген сыйластығын,құрметін, бәрінен бұрын, еліне деген ыстық патриоттық сезімін айқындап, даму қағидасын ұстана білді.Осының бәрін бір сөзбен айтқанда, халқымыз ел арасында өз елінің нағыз паториоты бола білгендігінің нәтижесінде  біз қиындықтың барлығын жеңе білдік. «Тілінен айрылған ұлт – ұлт болып жасай алмайды» дегендей, ана тілімізді  ардақтап, баба салтымызды  сақтай білдік. Осылайша біз тәуелсіз мемлекетке айналдық.

Демек  алдағы болашақтың бастауы боларлық мүмкіндік «көздерінде от ойнаған, сөздерінде жалыны бар, ары жанынан қымбат болған» жастарымыздың еншісінде.        

Жастар - болашақтың алтын діңгегі, болашаққа бастар нақты істердің темірқазығы. Ал  жастар қолдауы – мемлекеттің даму статусын жоғары көтеретін, әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш.

  Кез келген ағаш тамырсыз шықпайды. Тамыры берік, мықты ағаш қана жел соғып, дауыл тұрса да  құламайды, сынбайды. Сол сияқты кез келген мемлекеттің еш қиындыққа мойымай, тек қана алға бастайтын күші ол-  жастар.Жастар жалыны неғұрлым жалынды әрі мығым болса, мемлекет болашағы да соғұрлым мықты, берік, тұрақты болады. Қайсы мемлекетті алсақ та, елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты екені анық. Себебі болашақ –  жастардың қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз хақ. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Демек мемлекеттің күйреуі не болмаса дамуы жастарға және олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері мен ұлттық патриоттық сезімінің  деңгейіне байланысты. «Көздегені көк аспан» болған жастарымыз белсенді болса, мемлекет ешқашанда өзінің беделін жоғалтпайды. Мен жастарға сенемін!

...