0 дауыс
1.5k көрілді
Мемлекеттік сатып алу порталында 2 рет баға ұсыныстарымен мемелекеттік сатып алу бойынша хабарландыру берілген болатын, екеуінде де өтпеді деп танылды. Қайтара берген кезде түскен жалгыз өнім берушімен міндетті түрде жұмыс істеуім қажет па, әлде бір көзден кез келген поставщик таңдай беруге бола ма? Заңда бул туралы таба алмадым. Рахмет!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
 Мемлекеттік сатып алу Заңына енген үстіміздегі жылдың 13 қаңтарында 32-бапқа (Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері)  толықтырулар жасалған болатын оның ішінде *сіз нұсқау жасап отырған 4) тармақшада енгізілген* заң мәтіні былай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса деп нақты көрсетілген.
Аталған баптағы 5 тармаққа көз жүгіртейік:

5.*Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.*

*Яғни бұл тармақта *Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды делінсе*, 32 баптың 4 тармағында *көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса* деп көрсетілген. (Сондай-ақ порталда өтпеді деген мәтіндегі шешім шығады, өзің білесің) Мұнан қорытатынымыз, екі рет өтпей қалса тек бір көзден алуға құқығымыз пайда болады, бары сол.
Ал барлық процедуралар 33-бап бойынша (бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру) жүргізіледі. Тапсырыс беруші өз кезегінде процедураға сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға мәліметтері қамтылған жазбаша шақыру жібереді, ал *тілек білдірген әлеуетті өнім беруші* белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша жауап қайтарады. Демек, бәрі ерікті түрде жүрмек. *Егер ұқпай қалсаңыз - "міндетті емес" берер жауабым.*
Рахмет Данияр, Аллаһ ырза болсын!
...