0 дауыс
4.4k көрілді

Бұрын жалға беруші мекемеге барып, ай сайынғы ақшасын төлеп, орын алып отыра беруге болатын еді. Қазір барсақ "Қыркүйекте сұраныс жібереміз, сол кезде қатысыңыз" деп шығарып салды. Консультаторлар түсінікті етіп жеткізе алмады ма, кейбір сөздердің аббревиатурасын миға қондыра алмадық. 

Университет асханасын қалай жалға алуға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мемлекеттік сатып алу және тендерге қатысуға өтінішті қалай беруге болады?

Екі формада. Бірі - қағаз жүзінде (стандартты), екіншісі - электронды нұсқада. Электронды нұсқада тендерге қатысу - қазіргі уақытта ең жиі қолданылатын тәсіл. Себебі құжаттарды рәсімдеудің барлық процесі электронды формада жүргізіледі. Келісімге отыру да электронды нұсқада өтеді. Қағаздарды шығарып басып жүрудің қажеті жоқ. Уақытты үнемдейді. Бұл процестің барлығы goszakup.gov.kzпорталында жүзеге асады. Байқаулар туралы ақпараттарды осы порталдан біліп отыра аласыз. Тіркелмеген болсаңыз да.

Айта кетейік, табысты тендер ойыншысы әрдайым байқауларды бақылап отырады.

Тендерге қатысу үшін қандай құжаттар керек?

Нақты белгілеген құжаттар жоқ. Әр байқаудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, лицензияны талап ететін және талап етпейтін байқаулар бар. Сонымен, қажет құжаттар мынадай болуы мүмкін:

  • кәсіпорын басшысы растаған өтініш;
  • нотариуспен расталған ЖСН көшірмесі;
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • салық қызметіне берешектің жоқтығын растайтын анықтама;
  • компанияның соңғы үш айдағы қаржылық жай-күйі туралы есебі.

Құжаттарды толтыру кезінде, "Техникалық спецификациясы" деген бөлім бар. Бұған жеткізетін тауарыңыздың сипаттамасын саласыз. Бұл міндетті толтыру керек бөліміне кіреді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

+1 дауыс

http://www.goszakup.gov.kz/ сайтына тіркелу керек, оған тіркелі үшін ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алуыңыз керек, мына жерден өтініш беруге болады (немесе ЦОН ға барып алуға болады). Мемлекеттік сатып алулар сайтына тіркелгеннен кейін барлық жіберілген сұраныстар көрініп тұрады (түсінбеген жеріңізді тағы сұрарсыз)

vvvwww сәлеметсіз бе? Тендерге қатысу үшін бірінші қаражат керек бола ма, әлде тапсырыс берушілер өздері бірінші аудара ма?

Бірінші қаражат керек, тендерді ұтқаннан кейін керекті затын əкеп не қызмет көрсетілгеннен кейін ғана ақшасын аударады.
Makenti, өзіңіз айналысасыз ба тендермен?
Ия дұрыс айтады, жасалған жұмысты, қызметті тек қана қабылдау-тапсыру актісіне (акт прием-передача) екі жақ қол қойғаннан кейін ғана ақшаны аудара алады, тауарды накладная арқылы
Жоқ айналысқан жоқпын. Айналыспақ ойым болған, тендерден тəжірибесі бар кісілермен сөйлесіп тұрамын.
Мен айналысқанда тапсырыс беруші ретінде, заказчикпін, ГУ да жұмыс жасаймын
Рахмет көп! Онда сіз тендерді қалай оңай ұтуға болатынын да білетін шығарсыз? Ценовое предложение, маржа дегендерді дұрыс түсінбедім.
...