0 дауыс
4.4k көрілді
всем привет. достар ип ашып тендерден гос закуп утып алатындар калай жумыс жасайды. толыгырак акыл кенес берип жиберсениздер

1 жауап

0 дауыс

Мемлекеттік сатып алу және тендерге қатысуға өтінішті қалай беруге болады?

Екі формада. Бірі - қағаз жүзінде (стандартты), екіншісі - электронды нұсқада. Электронды нұсқада тендерге қатысу - қазіргі уақытта ең жиі қолданылатын тәсіл. Себебі құжаттарды рәсімдеудің барлық процесі электронды формада жүргізіледі. Келісімге отыру да электронды нұсқада өтеді. Қағаздарды шығарып басып жүрудің қажеті жоқ. Уақытты үнемдейді. Бұл процестің барлығы goszakup.gov.kz порталында жүзеге асады. Байқаулар туралы ақпараттарды осы порталдан біліп отыра аласыз. Тіркелмеген болсаңыз да.


Тендерді ұтудың басты шарты қандай?

goszakup.gov.kz порталында тендерлерге байқау екі тур бойынша өтеді. Бірінші турда құжаттардың дұрыстығына мән беріледі. Өтініштерді қабылдау уақыты тоқтатылған соң, құжаттарды тексеру басталады. Егер қандай да бір қателік болса, Сізге құжаттарды дұрыстау туралы хабарламаны жібереді. Үш жұмыс күні ішінде оларды реттеп, өтінішті қайта жібере аласыз.


Барлық құжаттар дұрыс болса, екінші турға өтесіз. Мұнда үміткерлер тендерге өздерінің бағаларын ұсынады. Кім төменгі бағаны көрсетсе - сол ұтады. Үміткерлер бір-бірінің берген бағаларын біле алмайды.


Осыларды ескере отырып, тендерге қатыспас бұрын, нарықты әбден зерттеп алғаныңыз жөн.


Толығырақ, мына сілтемеден оқысаңыз болады.

...