0 дауыс
4.6k көрілді
Осы сөздің қаншалықты жаны бар? Қазақта жақындары қайтыс болғанда көзден кеткен соң, ұмытасың, ойыңнан кетеді деген сөз бар. Көзден кетсе көңілден кетеді дегенге келісесіз ба?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ, толықтай келіспеймін. Үнемі ойламауың мүмкін, күнде есіңе түспеуі мүмкін. Бірақ ешқашан көңілден кетпейді. Бізге жақын адамдар, біз жақсы көрген адамдар әрдайым жүрегіміздің бір түкпірінде сақталады. Оларды қайта көре алмайтындықтан, сол түпірге жиі үңілуге мүмкін батылымыз бармайтын шығар... Оларды жоғалтқанымызды ойлағымыз келмейтін шығар...  Бірақ адамның көңілінен кетпейді, жүрегінен өшпейді...
0 дауыс
Жалпы келісуге болады деп ойлаймын
0 дауыс
Келісемін тек біраз уақыт қажет
Егер ол сенің адамың болмаса міндетті түрде ұмытасын
...