Мемлекеттік сатып алу Заңына енген үстіміздегі жылдың 13 қаңтарында 32-бапқа (Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері) толықтырулар жасалған болатын оның ішінде *сіз нұсқау жасап отырған 4) тармақшада енгізілген* заң мәтіні былай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса деп нақты көрсетілген.
Аталған баптағы 5 тармаққа көз жүгіртейік:
5.*Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.*
*Яғни бұл тармақта *Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды делінсе*, 32 баптың 4 тармағында *көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса* деп көрсетілген. (Сондай-ақ порталда өтпеді деген мәтіндегі шешім шығады, өзің білесің) Мұнан қорытатынымыз, екі рет өтпей қалса тек бір көзден алуға құқығымыз пайда болады, бары сол.
Ал барлық процедуралар 33-бап бойынша (бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру) жүргізіледі. Тапсырыс беруші өз кезегінде процедураға сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға мәліметтері қамтылған жазбаша шақыру жібереді, ал *тілек білдірген әлеуетті өнім беруші* белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша жауап қайтарады. Демек, бәрі ерікті түрде жүрмек. *Егер ұқпай қалсаңыз - "міндетті емес" берер жауабым.*