+1 дауыс
27.9k көрілді
Характеристиканың дұрыс жазылған үлгісін бере аласыздар ма? (есеп және аудит мамандығына))

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақша оны *мінездеме* дейді. [Мына сайтта][1] мінездеме туралы толық ақпарат берілген. Сол сайттан алынған мінездеменің бірнеше үлгісі:
___
Мінездеме
Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы /аты-жөні, қолы/
________________
*Қазақ техникалық университетінің
ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа*

Мінездеме
Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.
Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Тау-кен металлургия институтының директоры,
т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы
Айы күні, жылы
_____________
*Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі,
еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке*

Мінездеме
Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.
Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.
Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия
институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы
Айы, күні жылы


  [1]: http://kaz-refer.at.ua/load/p_nder/is_zh_rg_zu/minezdeme_lgisi/68-1-0-783
Сіз адамға мінездеме жазып қойғансыз ғой!!! бұл арада мамандық туралы мінездеме сұралып отырған сияқты, әрине мамандыққа мінездеме деген болмас бірақ сол мамандық бойынша  тәжірибеден өткен студентке мінездеме керек сияқты, сұарқты толығырақ жазсаңыз.  Егер ЕСЕП және АУДИТ мамандығы бойынша  практикантқа мінездеме жазу керек болса мен жазып бере аламын. хабарласыңыз.
Белгісіз
қарсы болмас едім!)) алдын ала рахмет!
0 дауыс
[мына жерден қарап көріңіз][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/133309/
 толық мінездемені кімге жазу керек? өзіңізге,мекемеге , әріптеске деген сияақты
практикадан өткен студентке
...