+1 дауыс
Өткізгіштерді тізбектей және паралель қосу? осы сұрак керек ертеңге дейін тауып беріңдерш өтініш?
13.06.2012 11.3k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.

Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда – шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану – Тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану – тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды
14.06.2012
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы