Ауданбек Көбесұлы туралы

+3 дауыс
373 қаралым
Ауданбек Көбесұлы туралы мәлімет керек еді...
• Санаты: Тұлға, Адам | 373 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Көбесұлы Ауданбек (1932 жылы туған, Талас ауданы Ойық ауылы) – ғалым, педагогика ғылым доктор (1990). Абай атындағы Қазақ мемлекет педагогика институтын бітірген (1952). Талас аудандағы мектептерде математика, физика пәндерінен сабақ берді. Мектеп директоры болды. 1959 жылы КазПИ-ге оқытушылық қызметке шақырылып, доцент атағын алды. Ғылым академиясында ашылған әл-Фарабиді зерттеу бөлімінде жемісті еңбек етті. 1987 – 1997 жылы ҚазМУ-де математика әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болды, профессор атағын алды. 1995 жылы Қазақстан ҒА көрнекті оқымыстыларға арналған стипендиясының иегері болды. Ол 300-ден астам ғылым, ғылым-көпшілік еңбектердің авторы, бұлардың екі жүзі әл-Фарабидің ғылым-педагогика мұрасына арналған. Математика тарихы, математиканы оқыту әдістемесі бойынша бірнеше оқулық, оқу құралдарын жазды. Абай туралы зерттеулер жүргізіп «Абайтану дәрістері» деп аталатын кітап, «Абай мен әл-Фарабиді қатар оқығанда» тақырыбы бойынша мақалалар топтамасын жариялады
рахмееет...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
3 жауап
14.10.2021 • Санаты: Мектеп Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
8.04.2020 • Санаты: Математика Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
127,943 сұрақ
322,829 жауап
153,169 пікір
72,942 қолданушы