+3 дауыс
231 көрілді
Ауданбек Көбесұлы туралы мәлімет керек еді...

1 жауап

+1 дауыс
Көбесұлы Ауданбек (1932 жылы туған, Талас ауданы Ойық ауылы) – ғалым, педагогика ғылым доктор (1990). Абай атындағы Қазақ мемлекет педагогика институтын бітірген (1952). Талас аудандағы мектептерде математика, физика пәндерінен сабақ берді. Мектеп директоры болды. 1959 жылы КазПИ-ге оқытушылық қызметке шақырылып, доцент атағын алды. Ғылым академиясында ашылған әл-Фарабиді зерттеу бөлімінде жемісті еңбек етті. 1987 – 1997 жылы ҚазМУ-де математика әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болды, профессор атағын алды. 1995 жылы Қазақстан ҒА көрнекті оқымыстыларға арналған стипендиясының иегері болды. Ол 300-ден астам ғылым, ғылым-көпшілік еңбектердің авторы, бұлардың екі жүзі әл-Фарабидің ғылым-педагогика мұрасына арналған. Математика тарихы, математиканы оқыту әдістемесі бойынша бірнеше оқулық, оқу құралдарын жазды. Абай туралы зерттеулер жүргізіп «Абайтану дәрістері» деп аталатын кітап, «Абай мен әл-Фарабиді қатар оқығанда» тақырыбы бойынша мақалалар топтамасын жариялады
рахмееет...
...