Сіз бақыттысыз ба? Неліктен? Дәлелдеңіз.

+16 дауыс
5.8k қаралым
• Санаты: Өмір, Тіршілік

33 жауап

+15 дауыс
Мен үшін осы жарық дүние есігін ашқанымның өзі бақыт
Әрине, осы өмірді сүру бақытына ие болғандығымыздың өзі неге тұрады?..
Бақыт деген қандай жақсы,бақытты болғым келеді!
+12 дауыс
Бақыттымын, себебі бұл өмірге хаюан емес сана-сезімді,ойлану мүмкіншілігі бар адам болып келдім. Қалғаны менің қолымда.
Әрине. Саналылықтың өзі бір бақыт...
+9 дауыс
Бақыт деген не өзi? Бақыт деген жылағаның, күлгенiң. Бақыт деген адам боп өмiрге келгенiң. Жалпы бақыт деген әрбiр адамның өз бақытын бағалай бiлуiнде, барына қанағат етуiнде. Бақытты болайық, бақытымызды бағалай бiлейiк. Мен бақыттымын, неге екенiн бiлмеймiн, бiрақ бақыттымын. Бақытты екенiм соншалықты сөз жоқ.
Пікіріңізге рахмет! Инш. бақытыңыз ұзағынан болсын!
+9 дауыс
Мен кишкентайымнан аке-шешинин махаббатын корген жокпын, ажемнин колында остим, аке-шешем тири сырттай корип журип остим. Куттайымнан уй шаруасын, ауыр жумыс деместен барин озим аткардым. Жазда да кыста да. Не балаша кошеде ойнаган жокпын, не бойжеткен шагымда кыдырып достарыммен шыккан жокпын. Оку аке-шешем тусирди(мени тугасын аяган шыгар). Окуымды аяктап жумыска калага орналастым. Суйген жигитиме турмыска шыктым.  1 жыл болды кезинде жастык шагымда аяусыз жумыс жасаганымнын кесиринен салкын откизип балалы бола алмай журмин. Мен сонда осы омирде кандай кызык корип жатканымды билмеймин. Айтеуир Алланын иси деп, не истеримди билмеймин. Осынын барин кормеген адамдар Бакытсызбын деп айткандары жон болмас. Типти мен озимди бакытты сезинем. Себеби аке-шешемнин бауырында оспесем де олардын тири болгандары ушин, менин жер басып жургеним ушин, куйеуимнин жаксы адам болганы ушин, ен бастысы танертен турганда озимнин тири екендигимди сезгеним ушин. Бари Аллахтын сыны. МЕН БАРИНЕ ТОЗЕМ, тек омиримди узак кылса
Сіздің жазған пікіріңіз  мені ұзаааааааааааааақ  уақыт ойландырды...  Инш. әрдайым осы бетіңізден таймай, бақытты бола беріңіз!
+7 дауыс
әрине, бақыттымын!!! осы өмірге келгеннің өзі мен үшін үлкееен бақыт!!! ата-анамның, туған-туысқандарымның денінің саулығы, аман-есен, күліп-ойнап жургені де бақыт! тіпті, мен өзімнің ұйықтап, таңертең оянғаным үшін бақыттымын деп ойлаймын...себебі, бұл өмірде көп адамдар мәңгілікке ұйқыға кетеді.
Жақсы жауап+1
Менде БАҚЫТТЫМЫН!!!!!
+1 дауыс
бАҚЫТТЫМЫН ӘРИНЕ.....
Белгісіз
0 дауыс
Бақыттымын 1 отбасым қасымда ,2 барлығы мені еркелетеді,Мені жақсы көреді!!!
0 дауыс
Бақыттымын!
1.Отбасым бар!
2.Қазақпын!
3.өмір сүрудемін
Белгісіз
0 дауыс
http://zhanaoi.kz/zho/blog/view/155 міне көріңіз оқыңыз
0 дауыс
Бақыт, бәлкім, мұсылманның жүзінде
Бақыт, бәлкім, ғашықтардың көзінде.
Мен білетін бір бақыт бар өзгеше
Ол бір бақыт - жайнамаздың үстінде!!!
Осы бақытты баршамызға Аллах нәсіп етсін!
0 дауыс
Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
 (nod)
0 дауыс
Ассаламу алейкум!Мен коп киындык кордим кишкенемде мени зорлап кетти,сол сырды мен канша жыл сактап журдим 16 жасымда ол сырды сактай алдмай,шыдамай анама айттым,бирак анам маган сенбеди сен озин жабыскансын,озин тиіскенсин деді,сол кезде мен катты киналдым,анам колдау корсетеди гой десем,ол маган сенбеди,кеудемнен итерди,сондада ренжимедим менин анам ггой деп,барибир жаксы кордим,содан осы сайтка бир сауал койганымда бирр намазхан жигитпен таныстым узак сойлесип журдик мен ол жигиттен агам ретинде акыл сурап журдим,солай бир биримизге бауыр басып бир куни сиримды сол жанга айттым,содан арада бираз уакыт откенсон,алги жигит маган турмыска шыкшы деди,келистим содан 16 жасымда турмыска шыктым,бакытты боламын деп ойладым...мен 96 жылгы,ал ол жигит 84 жылгы ед,солай екеумиз отбасы болып турып журдик,биррак коп узумай ажырасып кеттик,не бари 2-3 ай гана турдык,озимнин туган агам менен терис айналды,ен бастысы билесиздерме мени туган агам зорлады гой...енди мен уйдемин уйге симай журмин,бир нарсе болса уйдегилердин айтатыны турмыстан келдин дейд,осылай зорга дегенде шыдап журмин,Бирак мен берилмейм,тагдырга мойымаймын, Аллага мында бир шукир оте бакыттымын!Бул менин пешенеме жазылган гой,Аллах жаксы корген кулдарына сынакты коп береди дейди гой...Мен бакыттымын,бакыттымын ойткени менин журегимде иманым,касымда жайнамазым,окитын Куран китабым барКанша жерден ренжигениммен ата-анам бауырларым касымда!Сол себепти мен бакыттымын! Дос болайык десениздер куана куана достар катарына косамын сиздерди [email protected] менин логиним
0 дауыс
БАКЫТ - БАС ТАЛГАМАЙДЫ

МАХАББАТ- ЖАС ТАЛГАМАЙДЫ
0 дауыс

Ғаламшар тұрғындарын, пропорционал өлшеммен 100 тұрғынға дейін қысқарттық делік, енді ауыл тұрғындарымен таныс болыңыз:
57 азиат; 21 еуропалық; 14 американдық (оңтүстігі де солтүстігі де); 8 африкандық; 52 әйел; 48 еркек; 70 ақ емес; 30 ақ нәсілділер; АҚШ елінің 6 адамы бар Әлемнің 59 пайыз байлығын иеленеді; 80 пайыз тұрғынның тұрақты мекені болмайды; 70 пайыз сауатсыз (әріп танитындар бұрын сауатты дер саналған, қазір тағы орта білімі болғаны лазым болар), 80 адам өз қалауымен өмір сүруге батылы жетпейді, тек бір адамның жоғары білімі болады.

Осы көзқараспен әрі қарай жылжитын болсақ, адамдар арасында тең дәрежелі қатынас мәнері, өзара түсінушілік, болып жатқан оқиғаны сабырмен бақылау және адамның білімге, ғылымға деген талпынысы жоғары сұранысқа ие екенін байқау қиын емес. Сонымен қатар:
келесі аптаға жетпей дүниеден өтетін жүз мыңға қарағанда, тағы бір күн өмір сүруге берілген мүмкіндікке шүкірлік ету қажет.
Егер соғыс, қамауға алыну, қысымшылық пен зорлық-зомбылық бастан өтпесе, 500 миллион адамға қарағанда бақытты күн кешудесіз.
Егер қалаған уақытыңызда еш алаңсыз мешітке (шіркеуге, синагогаға, т.б. діни орындарға) кіріп шығатын жағдайда болсаңыз, 3 миллиардқа жуық адамнан бақыттырақсыз.
Тоңазытқышыңызда ас тұрса, киіміңіз бүтін болса, басыңызда пәтер, жылы төсегіңіз болса, әлем жұртшылығының 75 пайызынан жағдайыңыз жақсы дегеннен басқа айтар жоқ.
Егер банкте жеке шотыңыз, әмияныңызда ақша, сонымен қатар басқа да жерлерде өзіңізге тиесілі қаржы көздері болса, әлемдегі жағдайы жақсы деген 8 пайыз адамдар қатарына енесіз.
Бұл постты оқып отырсаңыз, онда екі есе және бір қуаныңыз:
Жаныңызда интернет бар;
Хат танымайтын 2 миллиард адаммен салыстырғанда, әріп танып қазақша посттардың бірін оқып отырсыз 

Вальтер Скотт айтпақшы:

Ақша қажет еместей жұмысқа кіріс,
Ешкім қарап тұрмағандай, биле,
Ешкім естіп тұрмағандай, шырқа,
Жаныңды әлі ешкім жараламағандай, сүй,
Жәннәттің төрін жерден тапқандай өмір сүр!

0 дауыс
Бакытка лайыкты адамдар бакытты болады деп ойлайм

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы