+2 дауыс
2.3k көрілді
Мысалға мен үнемі біреудің басында болған жағдайларға өзімді дайындап солай болып қалса өзімді қалай ұстауым керек,ол нәрседен қалай шығу керек деп  өз-өзімді дайындап жүрем ал сіздерше?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жазбай-ақ қояйын деген едім, басқалардың өтірік "сабақ алам, анау-мынау"  деп көлгірсігендеріне шыдамай кеттім ғой.

Адам сабақ алады деп ойламаймын, себебі, адам бір жасаған қателігін қаншама рет қайталай береді, әр қайталаған сайын "Енді жасамаймын" деп өтірік қана өзін-өзі алдап,  серт бергендей болады. Бірақ, барлығы шынайы емес.  Сабақ алатын болса, неге адамзат баласы осыншама төмен дәрежеге жетеді?  Неге жетті?
Осылай өздерін өздері алдауларының арқасында!!! "Былай істеуге тырысамын, сабақ алып жүрмін" деген нәрсенің бәрі өтірік.  Өздеріңді өздерің алдамай, шынымен де шынайы өмір сүріңдер.

"Сабақ алу, өмірдің мәні неде, адам не үшін өмір сүреді, неге махаббат, неге сақабат, неге бұлай, кім кінәлі " дегендей сұрақтарға жауап іздеудің мүлдем қажеті жоқ!
+1 дауыс
Ол солайғо, әр нәрсеге де дайын болуға тырысамын!
+2 дауыс
Өмірден сабақ алып жүрсіз бе ? - Күн сайын алам.  Әр күнім тәжірибе. Әр күнім сабақ. Әр күнім Өтеді-ау деген таусылмай жүрген "тосқауылдар".
Қиыншылықтарға өз-өзіңізді дайындайсыз ба? - күн сайын дайындаймын.  ....Күн сайын . . .)
Өмір үшін күрес - "санаңа" тиген үлес......) __ _ _ _ _ _ _ Өмір осынысымен қызық-ақ.
сенің жазғанынды оқысам тарақандарды көргендей боламын...)
Жақсы теңеу)))))       Хех))))))))
+1 дауыс
1. Әрине, өмірден күнделікті сабақ алып, өз-өзіме есеп беріп отырамын. Егер де істеген қателіктерім болса, оны қайталамауға тырысамын...
2. Қиыншылықтарға өз-өзімді дайындамайды екенмін...
+1 дауыс
Менде өмірден сабақты  алып ақ жүрмін, өзгенің қателігін қайталамауға және оларға ұқсамауға тырысам.
+1 дауыс
Өз дегеніммен жүре беремін. Бастысы қиыншылыққа түсіп қалмауға тырысамын. Сол жүре беремін қашан басыма таяқ келіп тигенше, таяқ тиген соң ол ешқашан қайтып қайталанбайтын болады. Басыңа таяқ тимесе өмірді сезінгеіңмен бәрібір түсіне алмайды екенсің)))
+2 дауыс
Шөлдегенде шындық болды шырыным
Қиын-қыстау өмір болды білімім,
Адастырмай алып шықты ақылым
Туған халқым өнегесі нақылы.

Тәңірім маған тіршілікте жар болды
Рухы мықты ата-баба бар болды,
Керек жерде кесіп айтып шындықты
Тағдырымда тар соқпақтар бар болды.

Өміріме өжеттілік нәр берді,
Болжағаным, ойлағаным дәл келді,
Жалған шырын  жалатпады ар-намыс
Жасатпады опасыздық, жалған іс.
*
Ақылым артық демеймін
Жазған болсам өсиет
Айтып кету ойымды
Алла берген қасиет.
0 дауыс
Қиналып көрмеген адам бұл өмірден сабақ  алмауы мүмкін.Бірақ өмірің теп-тегіс, түп-түзу жол сияқты болса ол да қызық болмай қалады. Кішкене болса да ойлы-қырлы ,бұрылыстары болса қызық болады әрі үлкен сабақ болады әрине.
+2 дауыс

Менің басыма сондай күн туса не болады деп алаңдаумен өмір сүрмейм. Айналадағы адамдардың қиындықтарын тыңдағанда, мен осындай жағдайда не істер едім деген ой бір сәт зу етіп өте шығады. Сосын болды. Өмір алдымен сынақ алып, сосын сабақ беретін ерекше ұстаз ғой. Оның үстіне бізге берілген сұрақ кітапшалары әр түрлі. Біреудің өмірінен сабақ алған жақсы да шығар. Деседе өзің бетпе бет келген қиындықтармен күресе отырып, өз өміріңнің мәнін түсіну де маңызды сияқты.
 .

...