+1 дауыс
9.1k көрілді

4 жауап

+3 дауыс
Көзін бояп отыратын мінез ғой!
Әзіл.
Алдау, сиқыр көрсету деген мағынада. Фокус, магия т.б.
Turkistanдікі де дұрыс сенікі де, Көзбояушылық әр түрлі мағынада болады
+1 дауыс
Көзбояушылық-Айла-тәсілмен өзін көрсету, мақтану
+1 дауыс
Көзбояушылық асыра сілтеу, мақтау. Шын мәнісінде мүлде олай емес болса да соны бұрмалап, әдемілеп көрсету, басқаны алдау.
+4 дауыс
Көзбояшылық деген сыртынан бәрі жақсы сияқты қылып көрсету.Мысалы, бір елді мекенге үлкен бастық келе жатыр деп ауылдың әкімшілігі шулап жатыр делік.Аяқ астынан елдің бәрі көше тазалап, сынған жерлерді түзеп дегендей, жолдың кетік-кетік жерлерін түзеп , сынған тракторлары болса, жөндеп, жамап, жасқап дегендей, жаңағы үлкен бастыққа барлығы жақсы деу үшін ,жаман нәрселері білінбес үшін көзбояушылық жасап  қояды.Ал, шын мәнінде түзеліп кеткен түгі жоқ. Міне, сол көзбояушылық деген.
жарайсын_)
Біздің мектепке 1-қыркүйекте облыс әкімі келерде дәл осынлай жағдай орын алып еді. Бірақ, ауыл тым жақсы болып қалды.) Көзбояшылықты жасандылық деп те айтуға болады
...