Көзбояшылық деген сыртынан бәрі жақсы сияқты қылып көрсету.Мысалы, бір елді мекенге үлкен бастық келе жатыр деп ауылдың әкімшілігі шулап жатыр делік.Аяқ астынан елдің бәрі көше тазалап, сынған жерлерді түзеп дегендей, жолдың кетік-кетік жерлерін түзеп , сынған тракторлары болса, жөндеп, жамап, жасқап дегендей, жаңағы үлкен бастыққа барлығы жақсы деу үшін ,жаман нәрселері білінбес үшін көзбояушылық жасап қояды.Ал, шын мәнінде түзеліп кеткен түгі жоқ. Міне, сол көзбояушылық деген.