+2 дауыс
27.9k көрілді
Самсаны қалай дайындайды және қалай пісіреді? Арасына не салған жөн?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Самсаны дайындамас бұрын, алдымен
Тазалыққа көп мән берілу тиіс:
"Бисмиллахир - Раһмани - Раһим"
Қолымызды жуамыз, алдымен қамыр дайындаймыз, қамыр дайындауды білмейтін қыз жоқ шығар, ол өте оңай, тек қолыңыздың күші болса болды. Арнайы ыдысқа ұн, жылы су, тұз, кішкене, яғни шәй қасықтың 25пайызындай ашытқа керек, егер жылы судың орнына сүтпен дайындасаңыз, қамырыңыз жұп-жұмсақ болмақ.
Қамырды илеп болдық та, йыуын қандыру үшін, таза сүлгімен орап, табақтың астына қойып қоямыз...
Осы арада, самсаның ішіне салар нәрсемізді дайындаймыз, жалпы, өзіңідің қалауыңыз не салсаңыз да, мынадайларды салсаңыз болады:
-фарш пен пияз
-картоп пен пияз
-капуста мен пияз
-бұқтырылған ет пен пияз
-асқабақ пен пияз
-қойдың бауыр еті мен пияз...
Мәсәллик дайын болды делік, оның ішіне кішкене қара бұрыш, бұрышты көөп салмағаныңыз жөн болар, сосын тұз, арнайы приправалар...
Ендігі кезекте қамыр жаямыз, төртбұрыш тақтай мен ұзын оқтау аласыз, қамырды кішкене бөліктерге бөліп, дөп-дөңгелектетіп, (төртбұрыш емес) жаямыз, қамырға жапысқан ұндарды абайлап қағып-қағып жібереміз де, маргаринді ерітіп, қамырға жағып, тығыздап қамырды ораймыз...Сосын тоңазытқыштың мұздатқышына емес, өзіне салғаныңыз жөн болар, себебі маргарин тез қатып қалады...Тәк 30 минут күту керек дейді, менің оған дейін шыдамым жетпейді, сондықтан 10 минуттан соң, алып, дайын болған қамырымды бөлікке бөліп, жая бастаймын...Қамырым жайылды, енді ішіне керекті мәсәлликті саламын, сосын самсаны, кейде ұшбұрыш, кейде дөңгелектетіп, шеттерін бүріп беті ашық, кейде ромбыға ұқсатып түйемін, бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, мак сеуеміз, немесе жұмыртқа жоқ болған кезде, кішкене суды жылытып, яғни 2-3 қасық, сосын 1-2 қасық шекер салып әбден араластырамызда самсаның бетіне жағамыз,сосын печкаға 20-30 минут аралығына 200-230 градус аралығына қойып, пісіреміз, самса дайын болды, үйреніп кетсеңіз түк те де қиындығы жоқ...
Астарыңыз дәмді болсын!
Калиманы айтудың қажеті жоқ Алланың атымен бастай беруге болады
мм, ия, кешірім, каз өңдеймін қайтадан. қате жаздым.
Рахмет) Пісірейін деп едім, үйреніп) не дегенмен алғаш істегенде дәмді шықпауы мүмкін, сондада дәмді қылуға тырысамын)))))))))
+3 дауыс
http://www.kerekinfo.kz/blog/aspazdik/3424.html АКА ыстық самса жеуге шақырыпты. Бұл жерде бірақ қаттама(слоени) қамырдың дайын түрін алған. Қыздар ондай қамырды сатып алудың қажеті жоқ(Барлық құпия, алдымен қамырды илеп, оны оқтаумен ысып жаямыз. Сосын бетіне қандай май екенің білмедім сұйық май болу керек жағамыз қамырдың бетіне яғни, тәәәк сосын жайылған қамырымызды іш жағына қарай бүктеп ораймыз, сонда бізде орама қамыр пайда болды. Оралған қамырды фарш дайындағанша тоңазытқышқа сала тұрамыз. Оралған қамырды шығарып шетінен бастап дөңгелектеп кесіп. Сол қамырларды оқтаумен жайсақ қаттама қамыр аламыз) ПыСы: Дастарқан бағдарламасынан көріп едім.
қамырдың арасына жәй тамаққа салатын май емес, маргарин салса жақсы болар еді, себебі жәй майды салсақ, оның қатуы қиын болады, сосын тақтаға жаюға қиын болады, ал маргарин майы қатуы оңай, сосын тақтамен жаю оңай, әрине ол кейін пешке қойылса май еріп, әрі жұмсақ, әрі үгітіллілеу болады, сосын бетіне мак сеуіп қойсақ, сосын кішкене жұмыртқаның сарысын жағып немесе, қайнаған суға шекер салып кішкене араластырып, самсаның бетіне жағып қойсақ, аппетит шақырып, виді әдемі болады.
+3 дауыс
[Мына][1] байланысқан сұрақта жауабы т0лық көрсетілген. Қараңыз....)


[1]:https://surak.baribar.kz/64244/
+1 дауыс
[Көркем апамның самсасы)))][1]

Дәмді болсын....................
  [1]: http://aitaber.kz/blog/tagamdar/858.html
...