+1 дауыс
2.4k көрілді
Маган Калкаман Сарин аганын олендеринин такырыптары, ман-магынасы катты унайды. Озим поэзия десе ишкен асым жерде. Сол себептен издеп отырмын.

3 жауап

0 дауыс
[Айсараға][1] Рахмет айт.
<br>
Оқырман қыз


Оқырман қыз,
Өмірде алыс,
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?
Мұңаймашы,
Түспесін еңселі арман.
Ықыласын бір саған аударар ем,
Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..
Сансыз арман сарылып санамда өшіп
Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,
Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!
Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.
Қалам ұстап қолыма сәлмұңайсам,
Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,
Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,
Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,
Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз…
Өмірде алыс,
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен,
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз…

Оқырман қыз…


Бейнет пен бойжеткен

Махаббатқа тән емес пе мұң-шаттық,
Сүйген жүрек жалғыз қалып қойса да.
Құмарлықтың құлы болып бір сәттік,
Құрбан болған сезімдерің бейшара.

Міндет емес жанарларға жас алу,
Өмір солай өкінішті, дей тұра,
Айтшы маған арманы асқақ жас ару,
Қайда қалды балалығың бейкүнә?

Бойдағы әсем гүл сезімді құрсаулап,
Мисыз баста бола бермек ой қаза.
Әппақ арың әр төсекте жүрсе аунап,
Түнде кешіп тіршілікті, беймаза.

Таңырқаудың керегі жоқ тап солай,
Шырқалмаса шырқалмасын мейлі әнің.
Арманыңнан тұрғызғанмен ақ сарай,
Білесің бе, барар жолың беймәлім?

Төзіміңе қойғанменен тосқауыл,
Жұбаныш боп жан жарасын жоймақ кім?
Тағдырыңа өкпелеме тасбауыр,
Басы ауырмас бақыты үшін бейбақтың.

Өз өмірің өзің сенбес ертегі,
Кейіпкердің қалай,қайтіп кейпі оңар?
Ертегінің не болмақшы ертеңі,
Ол жағынан мен де, сен де бейхабар.

Белді бекем буып тұрып берер ме ең,
Тәнқұмардың тәбетіне тойтарыс.
Ар-ұятың, намысың бар дегенмен,
Бәлкім, бәлкім сен үшін ол бейтаныс.

… Сәтті болғай сапарыңның соңы да,
Жасырғанмен жамалыңды кейде түн.
Қала бердім қарай-қарай жолыңа,
Өз ойымның өзім тартып бейнетін

Астана

Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.
Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.
Баянды бақытымның бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ арман…
Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.
Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,
Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.
Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің
Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.


Анашым

Асыл ана! Түсімде көрем сені,
Бұрынғыдай емессің неге еңселі?
Мен білсем, саған деген сағыныштың,
Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.
Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп елесіңді құштым тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ем,
Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.
Не таптым, белден кетіп бетегелі?!
Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.
Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,
Он жылдық білімім де жетер еді.
Дүние шыр айналып шарайнадай,
Жолыма қала бердің қарай-қарай.
Қайырымсыз қалаға, мейірімді,
Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!
Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,
Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.
Ардақтап арнамасам саған өлең,
Адыра қалатындай ақындығым.
Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
… Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда,
Сені сағынып кетем, анашым!(

Жұматай жазбаған жыр

Әлемнің ажары едің,
Кідірсең аздаған жыл.
Мен саған жазар едім,
Адамзат жазбаған жыр.

Сен едің ең ғажабым,
Сен сүйген әз ғалам бұл.
Жоқ, енді мен жазамын,
Жұматай жазбаған жыр.

Қалаулы жан ең нәзік,
Қарайтын көз ұнатып.
Сен жайлы өлең жазып,
Ойлаудың өзі бақыт!

Жанарың нұрлы көктем,
Жамалың жаз әдемі,
Кірпігің гүл, дір еткен,
Жанымның ғазалы еді.

Сезім шоқ сөнбей бір сәт,
Сүйсінттің лезде еркем.
Самала, желдей жұмсақ,
Сендегі мінез көркем.

Жұлдызды аспан сылқым,
Берер ем, гүл қып саған.
Шолпы етіп тақсаң, шіркін…
Шашыңа түнге ұқсаған!

Аңсаумен әбден сені,
Асығып атады ақ таң.
Жаныңның әр бөлшегі,
Жаралған махаббаттан.

--------------------
Жырлар авторы: Қалқаман Сарин ағамыз. =)                          


  [1]: https://surak.baribar.kz/user/%2A%2A%2A%D0%90%D0%B9%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B0+%2A%2A%2A
0 дауыс
www.kalkamansarin.com осы жеке сайты сыйға тартылған іздесең ішінде біраз дүние бар
0 дауыс
http://www.kandastar.com/ Осы жерден де біраз жақсы-жақсы өлеңдерін оқи аласың.
...