+3 дауыс
4.5k көрілді
Маған қазіргі поэзия оқырмандары сүйіп оқитын Қалқаман Сариннің өлеңдері керек еді. Егер білсеңіздер жазып жіберуіңізді сұраймын

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақын Қалқаман Сариннің жеке авторлық сайты www.kalkamansarin.com Осы жерден Қалқаман Сариннің барлық өлеңдерін оқи аласыз, соңғы өлендерін қосып отырады.
+2 дауыс
http://www.kandastar.com/forum.php Осы жерден Қалқаманның біраз өлеңдерін оқи аласыз.
+2 дауыс
>         БҰЛ ӨМІР...

Бұл өмір қысқа құстың тұмсығындай,
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?
Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.
Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.
Бұл өмір кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»
Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз?
Бұл өмір бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өткелді көп тер сіңді.
Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.
Бұл өмір өтпес, өтсек, біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз!

>      ЖЫЛЫ ЖАҢБЫР ҚҰЙЫП ТҰР

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.
Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл.
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет! Тамып тұр тамшыдан нұр!
Жаушы, жаңбыр, алмасып тозаң нұрға,
Бой көтерсін бозкөде бозаң қырда.
Жұпар шашып жағалай жатсын өлкем,
Жердің беті құлпырып көз алдымда.
Құдіреттің қуатын дәл мүсіндеп,
Періштелер аспанға салды сурет.
Кеңістіктей кеңейіп көкірегім,
Жүрегіме осы нұр мәңгі сіңбек.
Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл.
Періштелер қондырған сендегі мен,
Ғашық болып өтемін тамшыға әрбір.
...