+2 дауыс
587 көрілді
Жаңа жыл дегенде пікірлер екіге бөлініп жатады. Біреулер біздің жаңа жылымыз наурызда қәзіргі жаңа жыл христиандардыкы деп жатады. Енді біреулер осы жаңа жылды тойламаса құдды бір уақыт тоқтап қалатындай, келесі жыл болмай қалатындай тойлап жатады(әзірге менде осылардың қатарындамын).

Менің ойымша шырша айналғанды, аяз атамен ақшақарға жас балдарды сендіргенді бірте-бірте доғаруымыз керек секілді. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Рождествоға дәлел жоқ тарихта түк,
Демалған ғой балдарын бәрi ұйықтатып.
Махамбеттер жүрмеген дождик тағып,
Абылайлар күлмеген салюттi атып!

Қалқаман САРИН

9 жауап

+2 дауыс

Жауып тұрған аппақ қардың астында,ақ ниетпен,жүрек түкпірінде бір үміттің оты жағылғандай,адамдар жүзінде сезілетін қуаныштың отымен қарсы алынатын жаңа жыл мерекесін барлық адам күте біледі.Біреулер жаңа жылға жаңа жоспарлар жасайды,жаңа мақсаттар қояды.Сондықтан бұл мерекені аса жаман деп айта алмаймын.Ия,жақсы да бір жаман болады.Атылған салют ауаны ластайды,ішілетін ішімдік күнәні бойға жинайды.Менің ойымша,барлығы адамның өзіне байланысты.Егер жаңа жылды жақсы қарсы алар болсақ,бұл жерде ешқандай ерсілік жоқ.Қазір аяз атаның жалған екенін бәрі де біледі.Жас балаларды алдай да алмайсың.Наурыз мейрамының да өз орны бар.Жаңа жыл мерекесінің де...Кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз жаңа жылды күтеді.Жылдың соңғы күні,жаңа жыл басталар сәт..Оны үлкендер де жақсы көреді.Тілекті тілейміз,тек қана Жаратқан иемізден.Егер ішімдік ішпей,харамнан аулақ болып қарсы алсақ,мен мереке жаман деп айта алмас едім.Шырша айналуға келсек, сауық кештерде кішкентай балалар айналып,ән шырқайды.Енді сол сәт олардың жүзіндегі қуанышты көрген де шығарсыз..Бала көңілге қандай күнә істі арта аламыз?!Христиандардың мейрамы демей,өз салтымызға сай тойласақ та болады деп ойлаймын.Көктемдегі мереке бір бөлек,ақ қардың мейрамы бір бөлек...

+1 дауыс

Жаңа жылды барлық отбасымызбен, туыс-туған таныстармен, достармен де атап өтетін боламыз. Қуанышты, мейірімді күндердің бірі. Мен әрине, ешқандай мүддені көздемеймін. Барлық адам жақтаған жақсылық пен мейрам барлық шаңырақта болуын қолдау ғой. Және тағы, бұл әркімнің жеке шаруасы. Кім не десе өзі білсін.  Қуанбаса қуанбасын бұл күні, бірақ басқаның қуанышына кедергі болмаса болды да. Менің білуімше, бұл мерекеге қарсы адамдардың көбінің өз аргументтері бар. Бірақ, сол себептер бар екенін мен білмеппін де және оны біліп те керек емес деп ойлаймын. Оған бола, дүние жаман болып кетпейді.

+1 дауыс

Өз басым әр жаңа жылды атап өтемін.Отбасымен жыл сайын атап өтеміз.

Иә мен үшінде.Құұды бір уақыт өтпейдін сияқты.Жаңа жылда адамдардың ара қатынасы жақсара түседі.Жаңа жылда бір қиыналатын жерім ақша жағы.Отбасымызға,туған-туыстарға сыйлық алуға ақша жетпей қалады.

-Иә шынымен балаларды алдаудың қажеті жоқ.Бостан босқан баланың көңіл қалдырып.Балаларды сабағыңды жақсы оқысаң осындай-осындай сыйлық алып беремін деп айту керек.

Құрметті Сұрақ-жауап сайтының қолданушылар сіздерді алдағы келе жатқан ЖАҢА ЖЫЛдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Рахмет көп-көп, ия осы сен болмасаң басқа адамдар құттықтайтын реті жоқ
Ай рахмет
+1 дауыс

ҚР Республкасының Заңдарымен бекітілген ресми жыл басы болғандықтан тойлауымыз керек, оған христиандықтың еш қатысы жоқ (қазіргі қолданып жүрген күнтізбеміз (календарымыз) грегорандық), яғни жыл басы 1 қаңтардан баталады. 

Тойлағанда былай ғой, біз христиандардың мерекесі деп тойламаймыймыз. Жыл басы ретінде тойлаймыз,(тойлауды бастап кеткендерің бар ма, бірге болсын) 

Негізінен мерекеге саясатты, діндерді араластырудың қажеті жоқ (еш қазақ христостың туған күні деп тойлап жатырғанын көргенім жоқ)

0 дауыс

Тойлаған дұрыс ғой. Бұған көп ешкімде қарсы шыға алмас. Мені күйіндіретіні өзіміздің төл жаңа жылымыз Ұлыстың Ұлы күні 22 наурызды көлеңкелеп алатын жайымыз бар. Аяз атаға көрсетілген құрмет Қыдыр атаға жасалмайды.

Ойымды осылай астарлап айттым. Бірің түсінерсіңдер, ал бірің түсінбессіңдер. Ол жағын өздеріңе қалдырдым.

0 дауыс

Менімше  қазақтардың   жаңа  жылы  наурыздың   жиырма  екісі  ал  желтоқсаның  отыз  бірі  бұл  христиандардың   жаңа  жыл.Мен   отыз  біріне   болатын  жаңа  жылға   мүлдем  қарсымын

0 дауыс

Календарлық Жаңа жылды қарсалу отбасылық, балаларға арналған көңілді мейрам. Одан бас тарту таза ақымақтық болар еді. Наурыз мерекесі - астрономиялық Жаңа жылдың басталуы. Оны өз жоралғылары бойынша қарсалып жүрміз. Мейрамның көп болғаны жақсы емес пе? ))

–1 дауыс
1)мұсылмандар қасиетті қағбаны айналғаны сияқты адамдар шыршаны айналады шыршаны тәуәп жасаған сияқты 2) Мұсылмандар қажылықта Алладан тілек тілеп қасиетті зәм зәм суын ішеді, ал адамдар сағат 12де тілек тілеп Ислам дінінде харам болып саналатын шампанское ішеді, 3) Мұсылмандар қажылықта шайтанға тас ату рәсімін жасайды ал адамдар жаңа жылда аспанға Аллаға періштелерге атып жатқандай етіп салют атады, 4) Мұсылмандар қажылықта Алладан тілек тілейді, Ал ғапыл адамдар жаңа жылда яғни Иса пайғамбардың туған күнінде "Аяз атадан" балаларды тілек тілеуін үйретіп санасын улап, Алланы ұмыттырады, 5) Ислам дінінде 5парызды орындап құлшылығын жасағанға Аллах тағала Жаннат сыйлайтыны сияқты, балалар "Аяз атаға" өз өнерлерің көрсетсе сыйлық бергізіп қойған 6) Ислам дінінде қажылық жылына бір рет болатыны сияқты жана жылда жылына бір рет, 7) Исламда қағбадан басқа еш нәрсені айналуға тыйм салынған, қазақтардада ырым барғой адамды айналма деген сияқты, ал жаңа жылда шыршаны айналғызып қойған, 8) қағбаны оңнан солға қарай айналса шыршаны ережесі бойынша солдан оңға қарай айналады. деп айта берсең көп, Осы керісіншеліктердің бәрі кездейсоқтыққа ұқсайма, жоқ олардың бәрі Ислам дінінің ата жауы еврейлердің әдейі құрастырған мейрам смағы. Әр адам бір нәрсені жасар алдын ойлану керек,,, мұның пайдасы бар ма, жоқ па?- деп. Мерекені тойлауда да солай. Ал енді өзіңіз айтқан әлгі “жаңа жыл” дейтін мереке сымақтың қоғам үшін бір пайдалы сәтін мысал қылып айтып бере аларма екенсіз. Жоқ әрине. Керісінше мың сан зиянды тұсын жіпке тізіп беруге болады. Мысал үшін бір -екеуін ғана айта кетейін: Араққа сылқия тойған жүргізушілердің салдарынан ауыр көлік апаттары, қайғылы өлімдер орын алады көптеп. Отшашу деген пәлеге миллиярдтар жұмсалып, есепсіз ысыраптар орын алады, есесіне экологияға өлшеусіз запрдап әкеледі. адамдаға дем алатын оттегі бөлетін Милиондаған шыршалар кесіліп, ауаны азайтып, экология бұзылады. Шараптың және мерекенің буымен Қаншама аяулы аруларымыздың ары тапталып пәктігінен айырылып жатады. Ол біреуіміздің қарындасымыз, біреуіміздің әпкеміз немесе біреуіміздің қызымыз емеспе? Көшелерде, "Вечерлерде" қаншама жігіттер ерегіс төбелесі, адам өлімдері. Міне осындай адамзат үшін қауіпті қылмыстар жасауға жол ашып беретін мұндай мереке сымақты есі дұрыс, жөн білетін қазақ баласы тойламаса керек деп ойлаимын
Бұл енді провокация (қазақшасы қалай еді?). Адамның ойында жоқ, өз әрекетін жаман жағынан қарап, соны жаман етіп қабылдау. Қажет емес қой мұндай қасиет. Адамдар сізге қалай қатынассын десеңіз, өзіңіз де солай қатынасу қажет. Жап-жассыз әлі, өмірдің қызығы мен айналаны сыйлап өткенге не жетсін.
Жаңа жыл деген бұрыннан келе жатқан бүкіл халықтың мейрамы. Одан діни мағна іздесек, онда Наурыз мейрамы да ислам дініне қарсы мейрам.
0 дауыс

Қалқаман Сарин сияқты көпке қарсы пікір айтып, азғана топ арасында бүлік-шылық шығарып жүрген арзанқол саясатшы. Халықпен бірдей Жаңа жылды тойлап жүрген Елбасымыздан асқан дана, ақылды емес шығар? ))

...