МҚКК «Шапағат» балабақшасынан
Есік
гуманитарлық – экономикалық
коллеждінің
« Мектепке дейінгі
тәрбиелеу және
оқыту» мамандығының
416 топ білімгері Әбдікәрім Арузатқа
Мінездеме
Әбдікарім
Арузат 2017 жылдың 16 қазанынан бастап, жетекшісі Шагаева Үмітпен курс жетекшілігі
бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтті.
Алғашқы күні балалармен танысу ұйымдастырды. Ол іс-тәжірибе барысында ҰОҚ өтіп,
Блалармен қызықты ойындар, билер, шығармашылық жұмыс істеп, білімдерін тексеріп,
бақылап отырды. Арузат ұйымдастырған ойындарды балалар белсене ойнады және
көптеген жаңа ойындар үйретіп, өзінің біліктілігін көрсете білді. Арузатқа топ
тәрбиешірері де ата- аналарда ризалығын
білдірді. Балалармен «Паравоз», «Ұшты - ұшты », «Қасқыр мен лақ», «Ақ
қоян», «Қаздар» ойындарын ойнатты. «Қисынсыз сызықтар», «Есте сақта», «Айырмашылығын
тап », «Төртінші айырмашылығын тап» психологиялық ойындарын ойнатты.
Арузат
балабақшада 15 ҰОҚ өткізіп, вариативтік
бөлімде қызықты шығармашылық жұмыстар жасатты.
Арузат 2017
жылдың 16 қараша күні «Ертегі сыр шертеді» атты ашық сабағын өткізді. Оған балалар
белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті. Тәрбие сағатын тамашалауға
қатысқан тәрбиешілер балалардың белсенділігін және Арузаттың шеберлігін атап
өтіп, оған оң баға берді. Арузат дайындаған көріністер көпшіліктің көңілінен
шықты. Оны тамашалаған балаларда, тәрбиешілерде риза болды.
Арузат тәрбиеші
міндетін жақсы атқаруға ат салысты және тәрбиешілер оң баға берді. Балалармен
қоса, ата- аналармен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса
алды.
Келешекте
Арузат жақсы, білімді тәрбиеші болады
деп сенеміз. Арузат өндірістік іс-тәжірибені
« » деген бағамен аяқтады.
Балабақша директоры: ____________Умарова К. Б
МҚКК «Шапағат»
балаақшасынан
Есік
гуманитарлық – экономикалық
коллеждінің
«Мектепке дейінгі
тәрбиелеу және
оқыту» мамандығының
416 топ білімгері Нұрадин Гүлденге
Мінездеме
Нұрадин Гүлден
2017 жылдың 16 қазанынан бастап, МҚКК « Шапағат» балабақшасына өндірістік іс-тәжірибеге келді.
2017 жылдың 17 қазан күні Ақбота тобына «Не дәмді?» тақырыбындағы алғашқы сабағын
өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және балаларды өзіне
бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды. Тәрбиешісі сабақтың жоғары
дәрежеде өткендігін айтып, өткізген ҰОҚ-не оң баға беріп, оның жұмыстарына
сәттілік тіледі. Гүлден қызықты ойындар, сайыстар мен қоса қимыл- қозғлыс
ойындарындар, психологиялық ойындар, рөлдік ойындар ұйымдастырды. «. Балаларға мақал- мәтел,
тақпақтар жататып, балалардың бос уақытын
құр жібермеді. Сонымен қатар Гүлден
балаларға биді де үйретті. Психологиялық «Артық затты тап», «Ойлан - тап», «Таны
да,атын ата» ойындар жүргізіп, өз – өзін
жан- жақты көрсете білді. Ата – аналарда Гүлденді жақсы қабылдап,
алғысын білдіріп жатты. Жауапкершілігі мол Гүлден практикадан қалмай, үзбей
келіп жүрді. Балабақшада 14 ҰОҚ жүргізіп, белсенді жұмыс жасады.
Гүлден 2017 жылдың 16 қараша күні Құлыншақ
тобына «Мен отанымды сүйемін» тақырыбында
ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға беріп, Гүлденнің педагогикалық
жұмысына сәттілік тіледі. Тәрбиешілерге де, балаларғада ұнап үздік бағамен
бағаланды.
Гүлден келешекте
білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер тәрбиеші болатынына сенімдіміз. Гүлден өндірістік
іс-тәжірибені « » деген бағамен аяқтады.
Балабақша директоры: ____________Умарова К.
Б