+6 дауыс
42.2k көрілді
Бесбармақ жөнінде толық ақпарат барма? Жасалу жолы,тарихы,құрамы

3 жауап

+2 дауыс

бесбармақ кеспесі

image

Бесбармақ кеспесі – Орта Азияның елдерінде тұратын халықтардын дәстүрлі тағамын әзірленуі үшін қолданатын жартылай фабрикат.

 

"Бесбармак" - ең таңдаулы қазақ ұлттық тағамдарының бірі, дәмдік қасиеті үшін жоғары бағаланады және мерекелік дастарханның бірінші асы болып саналады.

 

Бесбармақ кеспесі пісіргенде елжіремейді, үй жағдайында дайындалған кеспемен салыстырғанда дәмдік қасиеттері жоғары.

 

Құрамы: ж/с үн, тазалынған су (бессатылы тазалау), йодталған тұз.

 

Тағам құндылығы: өнімнің 100 г.
ақуыз 7,9 г; май 0,8 г; көмірсутек 52,9.

 

Энергетикалық құндылығы: 250,8 ккал

 

Дайындалу уақыты: 4-6 минут

 

Жайманын мөлшері: 4 х 6 см, қаландаға 1 мм

 

Бір байламнын салмағы: 250±8 г

 

 

0 дауыс

 

 

Ет (тағам)

Ет немесе Қазақша ет (кей өңірде ауызекі тілде Бешбармақ) – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы.

Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар:

жамбас – 2,
ортан жілік – 2,
асықты жілік – 2,
бел омыртқа – 1,
сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді),
қабырға – 2,
төс – 1,
омыртқа – 1,
жауырын – 2,
тоқпан жілік – 2,
кәрі жілік – 2,
бұғана – 1,
мойын – 1.

Аталған мүшелер адамдардың жас, жыныс және әлеуметтік ерекшелігіне сай тартылады немесе керісінше, жеуіне тыйым салынды.

 

Дайындалуы

 

Асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, кейде пияз салып, отын басады да, 1 – 1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады.

Ет піскен соң сорпасынан бөліп алып, тартылатын табақтың санына қарай мөлшерлеп, тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып, бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң, тұздықты еттің үстіне құяды. Қазақша етке қамыр, бітеу пісірілген картоп, сәбіз қосуға болады.

Қонақ күту кезінде тартылатын еттің адамдардың қоғамдық мәртебесіне байланысты бөлінісіне қарай: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, сондай-ақ, ахуалдарға сай: құда-құдағи табақ, келін, күйеу табақ, үйеме табақ, т.б. түрлерге бөлінеді.

Бас табақ аталатын сыйлы адамдардың табағына бас, жамбас, ортан жілік, сүбе қабырға, белдеме, құйрық-бауыр салынып тартылады.
Сый табаққа жамбас, асық жілік, тоқпан жілік, сүбе қабырға, т.б. қоспаларымен салынады.
Орта табаққа (күйеу не келін табағы да) төс, асық жілік, ортан жілік, қабырға салынып беріледі.
Аяқ табаққа (ауыл адамдары, бала-шаға) мойын, тоқпан жілік, кәрі жілік, жүрек, жөрген, қарын, сирақ, т.б. салынады.

Арнайы мал сойылмаған жағдайда бас орнына жамбас, ол болмаса асық жілік не ортан жілік кәдеге жүре береді. Табаққа кәрі жілік, тоқпан жіліктер ет молайту үшін салынбаса, кәделі сый асқа кірмейді. Арнайы май тығып дайындалған ұлтабар жамбаспен міндетті түрде бірге тартылады. Ол – келін сыбағасы.

Сыйлы табақтарға құйрық пен бауыр, жылқының қазы, қарта, жал-жая қатарлы кәделі мүшелерінен тең етіп бөлініп беріледі. Әдетте, бір табақ 5 – 6 адамға қойылады. Табақ тартпас бұрын үйітіліп, жағы айырылған бас әкелінеді.

Қазақтың дәстүрлі ұғымындағы дүниені, адамды бас жетелейді (отбасы, басшы, ел басы, “адам дүниеге басымен келеді (туғанда)”) деген түсініктер негізінде мейманға ең кәделі ас – бас тартылуы шарт. Бастың маңдай құйқасын ұзынынан және көлденеңінен айқастыра тіліп (“бастың жолын ашу”) әкелу керек. Егер бас кәделі ет мүшелерінің үстіне қойылса, бастың тұмсық жағы сыйлы адамға қаратылады. Бастың маңдайына кесілген бір жапырақ ет қойылуы керек. Басты бөліп беретін адам оны өзі жеген соң, бас кесуге кіріседі. Ол бастың тұмсық құйқасын кесіп бөлек қояды. Ертеде ол от сыбағасы делініп, отқа тасталатын. Бас ұстаған адам бастың езуінен бастап кесіп, табақтас адамдарға үлестіреді. Құлақты ұл балаларға (құлағы түрік жүрсін, жақсылыққа үйір болсын деп), таңдайды қыз балаларға (әнші болсын деп), тілді жаңадан тілі шығып келе жатқан балаға береді. Тіл мен таңдай ұшы кесіп тасталады. Төс – күйеудің сыбағалы асы. Оның ұшы “сүріншек” аталып, опырылып алынады да, әйел адамға ұсынылады. Етке қосымша қамыр жайып салу егіншілік дамыған өлкелерде, мүмкіндігі бар қазақтарда әркелкі пайдаланылды. Оның әр аймақта “құлақ нан”, “қамыр”, “күлшетай”, “ет наны”, “жұқа нан”, “іңкәл”, “күртік”, “шелпек” секілді атаулары бар.

Бұрмаланған атауы

 

Бесбармақ (Бешбармақ) - қырғыздың бас тағамының атауы жане қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. XIX ғасырдың қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар-башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармақ» деген атаумен байланысты қалыптасса керек. Соңғы бірнеше ондаған жылдар ішінде басқа халықтардың, әсіресе орыстардың айтуымен қазақша еттің жалпы атауы ретінде қолданысқа еніп кеткен. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақ ешкашан қонағына тартқан етін бұлай атамаған.

 

0 дауыс

Қазақтың ұлттық тағамы «Бесбармақ».

Бұрынғы кезде барлық ұлттар, халықтар жақсы да сапалы затты, нәрсені, істі, қимылды, ойды бармақ көрсету арқылы 5 баллдық жүйемен бағалайтын. Сапа қандай деген де, мынандай деп бармағын көрсететін. Мысалы, олар мені мына (бармағын көрсетіп) деген марқаны сойып, күтті деп келетін немесе ол елде мынандай, мынандай жылқылар өсіріледі екен деп бармағын бірнеше рет көрсететін және осыған ұқсас сөз тіркестері қазақ тілінде және басқа тілдерде көптеп кездеседі.

Бағзы заманда қазақтарда, басқа халықтарда, гректердің олимпиадасы сықылды неше түрлі халықаралық жарыстар ұйымдастырып тұрған. Мәселенки, қазақтар ас берген, жәрмеңке өткізген, наурызды мейрамдаған, қымыз мұрындық жасаған, соғымды алты ай қыс тойлаған. Осы мерекелерде шабандоздар, палуандар, әншілер, ұсталар және өзге де өнерлілердің жарысы өткізіліп тұрған, бұл сайыстарға басқа елдерден де өкілдер қатысқан. Сондай бір мейрамдағы аспаздар жарысында қазақтар өздерінің ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кереметін, қазы, қарта, жал, жая және жылқының басқа да еттеріне қамыр (кей жерде су шелпек, енді бір аймақта ұн, тағы бір өңірде нан дейді), пияз және өзге де дәмдеуіштер қосылып пісірілген, дәмі тіл үйірген тамағын көрсеткен. Жарыстың төрешілері әділ қазылар (қазірше айтқанда судьялар, жюри мүшелері немесе реферилер) алқасына қазақ аспаздары әзірлеген ауқат өте қатты ұнап, төреші боп отырған 5 реферидің барлығы бірден бармақтарын көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, ал егер судья жалғыз болса бармағын бір емес 5 рет көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, яғни қорыта айтқанда бұл тағамның сапасы бармақпен көрсетіліп, анықталып, белгіленіп «5 бармақ» деген немесе бізше айтқанда «5 – бес» деген бағаға ие болған, сондықтан, «Бесбармақ» деп атау алған.

Кейінірек кейбір өз ұлтының жақсысын көрсете алмайтын намыссыздар, ұлттық пайымы жоқ рухсыздар бұл сөздің мағынасын бұзып, бұрын қазақтарда қасық, шанышқы болмаған, мәдениет, тазалық болмаған, олар жабайы болған, сосын тамақты бес саусақпен немесе қолмен жеген, сол себепті бұл тамақ «Бесбармақ» аталған деп, қисынсыз және қате аударып, сөйтіп өздерінің сауатсыздығын да көрсетті.

Ол сауатсыздар айтқандай болса бұл тағам онда «Бессаусақ» немесе «Қолтамақ» не «Жабайылық» деп аталу керек еді ғой, не болмаса әр қазақта бес бармақ болу керек қой. Егер адамда бес бармақ болса ол адам ауру, құбыжық болып есептеледі ғой. Ал, дұрыс дамыған адамның қолында бес бармақ емес бес саусақ болады, әр саусақтың атауы бар (бармақ, үйрек, терек, шүмек, бөбек), қолдың дене жағындағы қысқа әрі жуан саусағы бармақ деп аталады. Қазақтар жабайы болса әр саусақтың атауына мынадай нәзік, яғни бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек деген лирикалық қосымша анықтамалар бере алмас еді ғой. Қазақтар жабайы болса етті пісірмей-ақ жей беретін еді ғой, ал олар етті қайнағаннан кейін кем дегенде 2 сағат пісіреді ғой, өйткені олар білген 2 сағат қайнаған етте зиянды микробтар мен вирустардың бәрі өліп қалатынын, яғни олар жабайы емес керісінше терең білімді жан-жақты дамыған адамдар болған.

Сосын, жабайы жылқыны әлемде алғашқы боп қолға үйреткен, оны сұрыптап етті, сүтті, мінетін, жұмысқа пайдаланатын түрлерін іріктеп шығарған, оның етінен қазы айландыруды ойлап тапқан, бие сүтінен қымыз дайындауды ойлап тапқан, ауздығымен жүген, үзеңгісі және өмілдірік-құйысқаны мен ер-тұрманды, тағаны және басқа да кереметтерді ойлап тапқан қазақта қасық, шанышқы болмаған, сондықтан «Бесбармақты» бес саусақпен жеген дегенді айтқандар ғылыми логикасы жоқ, сауатсыз емей немене!   

Қазақтар «Бесбармақты» қазанға пісірген, пісіру үшін пеш не мосы жасаған, ошаққа отынды балтамен дайындаған, қазаннан «Бесбармақтың» еті мен су шелпегін сүзгімен алып табаққа салған, «Бесбармақтың» етін пышақпен не бәкімен тураған, «Бесбармақтың» сорпасын ожаумен кесеге құйып құрт не қатық қосып ішкен, осы заттардың бәрін және басқа да ғажайыптарды ойлап тапқан қазақ қасық пен шанышқы жасай алмауы мүмкін емес қой!

Қазақтар үйге кім келсе де, мейлі ол патша ма әлде батыр ма, үлкен бе не кіші ме, әйел ме, еркек пе қолын жуғызбай дастарханға отырғызбаған, ас дайын болды, қол жуыңыздар деп әр кісіні міндеттеген, яғни адам таза қолмен тағам жеу керек екенін қатты қадағалаған. Өйткені, олар тазалық денсаулық кепілі екенін білген, содан кейін денсаулық ең алғашқы байлық деген ғой. Жуыну үшін сабын гүлден сабын қайнатқан, неше түрлі ыдыс пен сүлгі, орамалдар және басқа да ғажайып-кереметтерді ойлап тапқан қазақтарда қасық пен шанышқы болмапты, сосын олар тамақты қолмен жепті дегенге кім сенеді?

Палау, манты және басқа да көптеген тағамдарды да қолмен жейді немесе жеуге болады ғой, онда оларды неге «Бесбармақ» деп атамаған?

«Бесбармақты» әр қазақ әрқалай, көңілі қалаған әдіспеген жеген, яғни қолмен жегісі келсе қолмен жеген не болмаса қасықты әйтпесе шанышқыны пайдаланған.

Басқа тағамнан «Бесбармақтың» тағы бір артықшылығы оны қолмен де, қасықпен де, шанышқымен де жеуге болады.

Қазіргі кезде «Бесбармақ» тағамын «Ет» немесе «Қазақша ет» деп атау керек деген қозғалыс пайда болды, ондай ойдағы адамдар бұл терминнен ұяламыз дейді. Оларға айтарымыз, ет деген сөз тамақ жасауға керек шікізаттың анықтамасы, оны қалай жейсің, оны пісіру керек қой. Сосын ол ет ненің әйтпесе кімнің еті, қандай ет, яғни қазақша айтқанда қандай мүше. Әлемде көптеген ұлттардың төл тағамдарына ет қосылып дайындалады, оларды қалай атаймыз, «Ет» деуіміз керек пе? Орыстың борщына да ет қосылады, оны «Орысша ет» дейміз бе?

Қорыта айтқанда, «Бесбармақ» деген атау тегін атау емес, ол ғылыми һәм тарихи термин және оны бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Сондықтан, «Бесбармақ» атауының мағынасын басқаларға ештеңеден де, ешкімнен де ұялмай, осылай заманауи логикамен түсіндіріп, қазақтың ұлттық тағамын ғаламға паш ете беруіміз керек!

Өйткені, жоғарыда келтірілген кереметтер, айтсақ олар қазақтар ойлап тапқан көптеген ғажап затттардың аз ғана бөлігі ғой, біздің елімізде бағзы заманнан-ақ білім болып, ғылым дамығанын, өндіріс өркендеп, мәдениет пен өркениет қатар жүргенін көрсетеді.

Мен ойлаймын әркім осылай қазақтың әр сөзіне, сөз тіркестеріне талдау жасаса, олардың нағыз мәнін, терең мағынасын, керім мәйегін табуға болады деп ойлаймын. Сонда біз өзіміздің тарихымыздан, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден, тілмізден, қазақи сөз тіркестеріміз бен философиямыздан ұялып жүрген жастарға дұрыс бағдар береміз, олардың білімін, намысын және рухын көтереміз.

 Б.Р. Кенішбаев

Астана – 2015 жыл – 25 ақпан

...