+2 дауыс
2.2k көрілді
Гиннестің рекордтар кітабына еңген, әлемдегі ең үлкен Сахара шөлін бір айда жүгірген қазақ кім?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ЖЫЛАНБАЕВ Марат (19.8. 1963 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд. Майқайың кенті) – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықар. дәрежедегі спорт шебері (1993). 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші. Ж. 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, осы жылы Барнаул қ-нда (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шықты. 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.
" міне КЕРЕМЕТ"!
0 дауыс
ондай казак туралы естимеппин
жалгыз сахара шөлін емес, бірнеше  шөлдерді де жүгіріп өткен.
mende jugirip otkem esli we
Сол жүгіргеніңді дәлелде
0 дауыс
иа оны блемін аты Марат фамилиясы есіме түспей тұр,бес материктің ең ірі шөлдерін жаяу жүгіріп өткен
+1 дауыс
Марат Жыланбаев деген атақты Қазақ, Қарағанды облысында туған.
Осы кісі жайлы мәліметтер болса
аа енді есіме түсті дұрыс Жыланбаев Марат
http://www.biografia.kz/famous/3482
Осы жерде Марат туралы мәліметтер бар.
0 дауыс
сахараны жүгіріп өткен жәнеде гинестер кітабына енген қазақстандық ол Марат Жыланбаев!!!
0 дауыс
ЖЫЛАНБАЕВ Марат.............
...