+5 дауыс
4.4k көрілді
Қазақстанда Гиннестің Рекордтар Кітабына енгендер барма?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Гиннесс рекордтар кітабындағы Қазақстан

Гиннесс рекордтар кітабында Қазақстанның атынан енген бірнеше жетістік бар. Бұл елдің өзі де «әлемдегі теңізге тіке шыға алмайтын аумағы ең үлкен мемлекет» ретінде осы кітапқа тіркелген.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл.

Жарияланған уақыты: 22.02.2013

2011 жылы желтоқсанда қазақ география қоғамының экспедициялық тобы оңтүстік полюске дейінгі 2308 километр жолды автокөлікпен 108 сағатта басып өтті (орташа жылдамдығы – 21,37 км/сағат). Бұл экспедияция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.

Осы экспедицияға қатысқан географ-ғалым Орденбек Мәзбаев бұл рекордты жоспарламағандарын айтады.

–Бес адамдық экспедиция алдымен Кейптаун (Оңтүстік Африка) қаласынан Антрактидадағы Новолазаревская бекетіне ұшақпен шығып, сол жерден оңтүстік полюске жапониялық Toyota Hilux 3L Turbo көлігімен аттандық. Шамамен 11 күннің ішінде оңтүстік полюске жеттік. Сапар сәтті болып, машиналарымыз да еш бұзылған жоқ.  2400 километрді машинамен жүріп өттік. Бірақ полюске біз ғылыми зерттеу үшін бардық. Рекорд жасаймыз деп еш ойламадық. Кейін 108 сағатта полюске жету нәтижесін Гиннесс кітабына ұсындық. Бір жылдан кейін Гиннесс кітабының комиссары бізге арнайы сертификат тапсырып, ойламаған жерден саяхатымыз рекорд деп танылды, – дейді ол.

ГИННЕСКЕ ЕНГЕН ҒИМАРАТ

2003 жылы қыркүйектің 27-сі күні бүкіл Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау үшін өткізілген аэробикалық жаттығу рекордтар кітабына енді. Елдің бар өңірінде бір мезетте 4 миллион 845 мың 98 адам радиодан берілген әуен арқылы қимылдаған шара «әлемдегі ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу» ретінде танылды.

Гиннесс рекордтар кітабына Қазақстанның атынан енген тағы бір жетістік – Астанада орналасқан «Хан шатыр» ойын-сауық кешені. Биіктігі 150 метрден асатын бұл ғимарат «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде тіркелген.

«Хан шатыр» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты. Астана, 6 шілде 2010 жыл.

«Хан шатыр» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты. Астана, 6 шілде 2010 жыл.
СПОРТШЫЛАР РЕКОРДЫ

Қазақстандық ауыр атлет Мая Манеза 2010 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 килограмдық штанганы серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Мая Манеза Лондон олимпиадасында алтын медаль алды. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.

Мая Манеза Лондон олимпиадасында алтын медаль алды. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.
Ал 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атанған ауыр атлет Илья Ильин қоссайыс (жұлқа және серпе көтеру)  қорытындысы бойынша 418 килограмдық штанга көтеріп, әлем рекордын орнатты.

Осы нәтиже кейін Гиннесс рекордтар кітабына еніп, Ильинге арнайы сертификат тапсырылды.

Ауыр атлет Илья Ильиннің Гиннесс сертификаты. (Сурет спортшының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Ауыр атлет Илья Ильиннің Гиннесс сертификаты. (Сурет спортшының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)
Қазақстандық 50 жастағы марафоншы Марат Жыланбаев рекордтар кітабына жеті рет енген. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өтті.

Сахара шөлінде кетіп бара жатқан әйел. Алжир, 24 наурыз 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Сахара шөлінде кетіп бара жатқан әйел. Алжир, 24 наурыз 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ РЕКОРДТАРЫ

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының кейбірі Қытайда тұратын қазақтар арқылы да Гиннесс рекордтар кітабына енген. Қытайдағы ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы 2008 жылы ұзындығы 100 метр, салмағы 1 тонна қазы жасап, оны Гиннесс рекордтар кітабына енгізді. Болат Бейнелұлы ол рекордты Қытай мемлекетінің атынан тіркетуге қарсы болғанын, ақыры қазақ халқының мұрасы ретінде куәлік алғанын айтқан еді.


2010 жылы Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындап, Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелді.

Толы ауданында 10450 домбырашы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады. Қытай, Шыңжаң, 30 мамыр 2010 жыл. (www.chinanews.com сайтындағы сурет).

Толы ауданында 10450 домбырашы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады. Қытай, Шыңжаң, 30 мамыр 2010 жыл. (www.chinanews.com сайтындағы сурет).
2012 жылы Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған кішкентай домбыра «әлемдегі ең кішкентай аспап» ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.  Домбыраның ұзындығы – 45 миллиметр, ені  – 14 миллиметр.

Болатбек Кәрімханұлы Гиннесс сертификатын көрсетіп отыр. Ол жасаған домбыра үстел үстіндегі қағаз бетінде жатыр.

Болатбек Кәрімханұлы Гиннесс сертификатын көрсетіп отыр. Ол жасаған домбыра үстел үстіндегі қағаз бетінде жатыр.

РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Гиннесс рекордтар кітабы алғаш 1955 жылы ирландиялық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырысы бойынша жарық көрген. Қазір бұл кітап дүниежүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылады. Әлемнің 23 елінде арнайы редакциясы мен өкілдіктері бар. Қазақстанда Гиннесс рекордтар кітабының өкілдігі жоқ.

Рекорд жасаушы адамның жас мөлшеріне шектеу жоқ. Ереже бойынша, адам өлтіріп, аштық жариялап және жануарларға зақым келтіріп жасалған рекордтар қабылданбайды. «Әлемдегі ең үлкен картина», «Әлемдегі ең үлкен фотосурет» деген рекордтар да қарастырылмайды. «Әлемдегі ең сұлу немесе ең көріксіз адам», «Әлемдегі ең ұзын ән немесе өлең» деген категориялар да жоқ.

Лаша Патарая Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін жүк көлігін құлағымен сүйреді. Грузия, 29 қараша 2012 жыл.

Лаша Патарая Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін жүк көлігін құлағымен сүйреді. Грузия, 29 қараша 2012 жыл.
Кітаптың ережесінде: «Жасалған рекордты видеоға түсіріп, монтаждамай кітаптың редакциясына жіберу керек. Рекорд жасар алдында Гиннесс кітабының арнайы комиссиясын де шақыруға болады. Комиссияның келу жолын, тамағын және жатар орнын шақырушылар төлеуі тиіс» деп жазылған.

Азаттық.

Руслан Меделбек

+3 дауыс

Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қытай қазақтары ұлттық музыкалық аспап – домбыраныГиннестің рекордтар кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толыауданының 10 мың домбырашысы жексенбі күні бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады.
http://news.nur.kz/177774.html
0 дауыс
Әрине бар. Мысалға Ауыр Атлетшіміз Илья Ильин 2012 жазғы Олимпиада ойындарында Рекорда жасады. Одан бөлек Ыбырай Жақанов атты күріш өсіруші атамыз да Күріш егуде рекорд жасаған. Бұл оқиға соғыс кезеңінде болған. Есіме түскені осылар. Қазақстанда көптеген Рекордсмендер бар.
0 дауыс
Менің білетіндерім Илья Илин,Ыбырай Жақанов,Тоқтар Әубәкіров..
Жақанов емес Жақаев
0 дауыс
жақында Илья Ильин кірді соны білем
0 дауыс
ЖЫЛАНБАЕВ Марат (19.8. 1963 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд. Майқайың кенті) – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықар. дәрежедегі спорт шебері (1993). 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші. Ж. 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, осы жылы Барнаул қ-нда (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шықты. 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ) жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.
0 дауыс
Иа бар,ауыр атлетикадан кірді Лондонда
0 дауыс

Гиннесс рекордтар кітабы алғаш 1955 жылы ирландиялық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырысы бойынша жарық көрген. Қазір бұл кітап дүниежүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылады. Әлемнің 23 елінде арнайы редакциясы мен өкілдіктері бар. Қазақстанда Гиннесс рекордтар кітабының өкілдігі жоқ.
Рекорд жасаушы адамның жас мөлшеріне шектеу жоқ. Ереже бойынша, адам өлтіріп, аштық жариялап және жануарларға зақым келтіріп жасалған рекордтар қабылданбайды. «Әлемдегі ең үлкен картина», «Әлемдегі ең үлкен фотосурет» деген рекордтар да қарастырылмайды. «Әлемдегі ең сұлу немесе ең көріксіз адам», «Әлемдегі ең ұзын ән немесе өлең» деген категориялар да жоқ.
Лаша Патарая Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін жүк көлігін құлағымен сүйреді. Грузия, 29 қараша 2012 жыл.
Лаша Патарая Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін жүк көлігін құлағымен сүйреді. Грузия, 29 қараша 2012 жыл.
Кітаптың ережесінде: «Жасалған рекордты видеоға түсіріп, монтаждамай кітаптың редакциясына жіберу керек. Рекорд жасар алдында Гиннесс кітабының арнайы комиссиясын де шақыруға болады. Комиссияның келу жолын, тамағын және жатар орнын шақырушылар төлеуі тиіс» деп жазылған.

1.Қазақстан "әлемдегі теңізге тіке шыға алмайтын аумағы ең үлкен мемлекет» ретінде осы кітапқа тіркелген.
2.Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл. 
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл.
3.2011 жылы желтоқсанда қазақ география қоғамының экспедициялық тобы оңтүстік полюске дейінгі 2308 километр жолды автокөлікпен 108 сағатта басып өтті (орташа жылдамдығы – 21,37 км/сағат). Бұл экспедияция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді. 
Осы экспедицияға қатысқан географ-ғалым Орденбек Мәзбаев бұл рекордты жоспарламағандарын айтады.
– Бес адамдық экспедиция алдымен Кейптаун (Оңтүстік Африка) қаласынан Антрактидадағы Новолазаревская бекетіне ұшақпен шығып, сол жерден оңтүстік полюске жапониялық Toyota Hilux 3L Turbo көлігімен аттандық. Шамамен 11 күннің ішінде оңтүстік полюске жеттік. Сапар сәтті болып, машиналарымыз да еш бұзылған жоқ.  2400 километрді машинамен жүріп өттік. Бірақ полюске біз ғылыми зерттеу үшін бардық. Рекорд жасаймыз деп еш ойламадық. Кейін 108 сағатта полюске жету нәтижесін Гиннесс кітабына ұсындық. Бір жылдан кейін Гиннесс кітабының комиссары бізге арнайы сертификат тапсырып, ойламаған жерден саяхатымыз рекорд деп танылды, – дейді ол.
4.2003 жылы қыркүйектің 27-сі күні бүкіл Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау үшін өткізілген аэробикалық жаттығу рекордтар кітабына енді. Елдің бар өңірінде бір мезетте 4 миллион 845 мың 98 адам радиодан берілген әуен арқылы қимылдаған шара «әлемдегі ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу» ретінде танылды.
5.Гиннесс рекордтар кітабына Қазақстанның атынан енген тағы бір жетістік – Астанада орналасқан «Хан шатыр» ойын-сауық кешені. Биіктігі 150 метрден асатын бұл ғимарат «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде тіркелген.
6.Қазақстандық ауыр атлет Мая Манеза 2010 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 килограмдық штанганы серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі Гиннесс рекордтар кітабына енді.
Мая Манеза Лондон олимпиадасында алтын медаль алды. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.
7.Қазақстандық 50 жастағы марафоншы Марат Жыланбаев рекордтар кітабына жеті рет енген. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өтті.
8.Қытайдағы ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы 2008 жылы ұзындығы 100 метр, салмағы 1 тонна қазы жасап, оны Гиннесс рекордтар кітабына енгізді. Болат Бейнелұлы ол рекордты Қытай мемлекетінің атынан тіркетуге қарсы болғанын, ақыры қазақ халқының мұрасы ретінде куәлік алғанын айтқан еді.
9.2010 жылы Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10450 домбырашысы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындап, Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелді.Қытай, Шыңжаң, 30 мамыр 2010 жыл.
10.2012 жылы Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған кішкентай домбыра «әлемдегі ең кішкентай аспап» ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.  Домбыраның ұзындығы – 45 миллиметр, ені  – 14 миллиметр.
11.Қазақ қолөнершілері еуразиялық киім көрмесіне апарған ұзындығы - 3, 37 метр, етегінің кеңдігі - 12, 30 м, 50 қатпарлы үлкен қазақ көйлегі де бұл кітап тізіміне түсіпті.
12.Ыбырай Жақаев дәнді дақылдардан рекорд жаңартқан.

ЕНДІ НЕ ЖАЗЫЛМАЙ ҚАЛДЫ?

0 дауыс

Жансая Әбдімәлік деген жас шахматшы қыз енген.

...