+1 дауыс
2.1k көрілді
Гиннестің рекордтар кітабы деген сөзде неге Гиннес сөзі қосылып айтылады? Әлде Гиннес атты адам көп рекорд жасаған ба?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BD%D0%B8%D0%B3%D0%B0_%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%BE%D0%B2_%D0%93%D0%B8%D0%BD%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%81%D0%B0

бұл әлімдік рекордтар ететін кітапты ең алғаш ирландтық сыра компаниясы Гиннесс-тің тапсырысы бойынша жарыққа шыққан сол компанияның негізін қалаған Артур Гиннесс Бұл кітаптың шығу тарихы 1759 жылдан басталады. Сол жылы Артур Гиннесс Дублин қаласында Сент-Джеймс қақпасының алдынан сырахана ашады. 1833 жылы ол Ирландиядағы ең ірі сыраханаға айналады. ХХ ғасыр басында әуел баста сырахананы ашқан Артур Гиннесстің көзі кетсе де, оның бизнесі дамып, 1930 жылы Ұлыбританияда екі ірі зауыт сол атаумен аталады. Гиннесстің бар құпиясы жарнаманы дұрыс жолға қоя білуінде еді. Бірақ рекордтар кітабының шығуына түрткі болған – бұл емес, басқа жайт. 1951 жылы «Воксфорд» компаниясының ұйымдастыруымен болған жергілікті аңшыларға арналған кеште «Гиннесс» компаниясының директоры Хью Бивер мырза Еуропадағы ең жүйрік құс жайында біреумен сөзге келіп қалады. Дәл осындай дау келесі жылы тағы қайталанады. Содан келіп Хью Биверге «расында, осындай жағдайда сұраққа жауап бере қоятын нақты ғылыми рекордтар кітабын шығарсақ қалай болады» деген ой келеді. «Гиннесс» компаниясынан сондай басылым шығарылса, онда ол сыраның жарнамасына да жақсы әсер ететінін ойлаған басшы сол тұста ақпарат агенттігін басқарып отырған Норрис пен Росс Макитерлерге тапсырады. Бір жылдық ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 1955 жылы 27 тамызда 198 беттік қалыңдықта «Гиннесстің рекордтар кітабы» жарық көреді.
Негізі жауапты Уикипедиядан көшіріп жаза салу жақсы әдет емес,оны сұрақ қоюшының өзі де көре алады емес пе.
Мен сілтемесін қалдырдым анау орысша қарашиш астындағысы қазақша сұрады жауап бердім сенің шаруаң қанша !
lobbyist, үлкенге жауап бергенде артық кетпеңіз... сілтемені қысқа жазу астына жасыруды үйрен!
–1 дауыс

Егер бастама сенен шыққанда кітап Ақжолдың рекордтар кітабы деп аталар еді.smiley

...