+2 дауыс
14.2k көрілді
"Гиннестің рекордтар кітабында" Қазақтың қанша адамы бар?

5 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Қазақстан "әлемдегі теңізге тіке шыға алмайтын аумағы ең үлкен мемлекет» ретінде осы кітапқа тіркелген.
2.Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл.  
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Лондон олимпиадасында чемпион атанды. Ол 94 килограмм салмақ дәрежесінде әлем рекордын (418 килограмм) жаңартты. 4 тамыз 2012 жыл.
3.2011 жылы желтоқсанда қазақ география қоғамының экспедициялық тобы оңтүстік полюске дейінгі 2308 километр жолды автокөлікпен 108 сағатта басып өтті (орташа жылдамдығы – 21,37 км/сағат). Бұл экспедияция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.  
Осы экспедицияға қатысқан географ-ғалым Орденбек Мәзбаев бұл рекордты жоспарламағандарын айтады.
– Бес адамдық экспедиция алдымен Кейптаун (Оңтүстік Африка) қаласынан Антрактидадағы Новолазаревская бекетіне ұшақпен шығып, сол жерден оңтүстік полюске жапониялық Toyota Hilux 3L Turbo көлігімен аттандық. Шамамен 11 күннің ішінде оңтүстік полюске жеттік. Сапар сәтті болып, машиналарымыз да еш бұзылған жоқ.  2400 километрді машинамен жүріп өттік. Бірақ полюске біз ғылыми зерттеу үшін бардық. Рекорд жасаймыз деп еш ойламадық. Кейін 108 сағатта полюске жету нәтижесін Гиннесс кітабына ұсындық. Бір жылдан кейін Гиннесс кітабының комиссары бізге арнайы сертификат тапсырып, ойламаған жерден саяхатымыз рекорд деп танылды, – дейді ол.
4.2003 жылы қыркүйектің 27-сі күні бүкіл Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау үшін өткізілген аэробикалық жаттығу рекордтар кітабына енді. Елдің бар өңірінде бір мезетте 4 миллион 845 мың 98 адам радиодан берілген әуен арқылы қимылдаған шара «әлемдегі ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу» ретінде танылды.
5.Гиннесс рекордтар кітабына Қазақстанның атынан енген тағы бір жетістік – Астанада орналасқан «Хан шатыр» ойын-сауық кешені. Биіктігі 150 метрден асатын бұл ғимарат «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде тіркелген.
6.Қазақстандық ауыр атлет Мая Манеза 2010 жылы Түркияда өткен әлем чемпионатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол осы сайыста 143 килограмдық штанганы серпе көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Спортшының бұл нәтижесі Гиннесс рекордтар кітабына енді.
Мая Манеза Лондон олимпиадасында алтын медаль алды. Лондон, 31 шілде 2012 жыл.
7.Қазақстандық 50 жастағы марафоншы Марат Жыланбаев рекордтар кітабына жеті рет енген. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өтті.
8.Қытайдағы ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы 2008 жылы ұзындығы 100 метр, салмағы 1 тонна қазы жасап, оны Гиннесс рекордтар кітабына енгізді. Болат Бейнелұлы ол рекордты Қытай мемлекетінің атынан тіркетуге қарсы болғанын, ақыры қазақ халқының мұрасы ретінде куәлік алғанын айтқан еді.
9.2010 жылы Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10450 домбырашысы бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындап, Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелді.Қытай, Шыңжаң, 30 мамыр 2010 жыл.
10.2012 жылы Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған кішкентай домбыра «әлемдегі ең кішкентай аспап» ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.  Домбыраның ұзындығы – 45 миллиметр, ені  – 14 миллиметр.
11.Қазақ қолөнершілері еуразиялық киім көрмесіне апарған ұзындығы - 3, 37 метр, етегінің кеңдігі - 12, 30 м, 50 қатпарлы үлкен қазақ көйлегі де бұл кітап тізіміне түсіпті.
12.Ыбырай Жақаев дәнді дақылдардан рекорд жаңартқан.
Марат Жыланбаевтың ерлігіне таң қалдым.
+1 дауыс
Сабина Алтынбекова бар,ол 1 минуттын ышынде атакты болып шыкты.
Қателеспедіңіз бе? Сабина Алтынбекова гиннестің рекордтар кітабына кірмеді ау деймін....
Ол өзі айтты журналисттер сұхбат бергенде .
немене бары минус кояды,Сабина журналистке айткан что мен гиннеске кырдым,соны алуга бара жатырмын деп
–1 дауыс

Николай Каклимов 844-рет турникте тартылып, әлем рекордын орнатты.

Мынау Қазақ па?
Мынауың орысқо.Артында өзімен-өзі біреу темекі тартып жатыр.
0 дауыс
Илья Ильин, Мая Манеза және Марат Жыланбаевты қана біледі екенмін.
0 дауыс
Қазақстан Республикасының жеке мұрағаттар қорында соңғы санақ бойынша (28.12.2014ж) Гиннес рекордтар кітабына 37 Қазақстандық азаматтар мен азаматшалар тіркелген. Соның ішінде 12 әйел, 15 ер адамдар. Бұл тізімде Сабина Алтынбекованың есімі тіркелмеген. Сабина Алтынбекова вконтакте парақшасында және де инстаграм парақшаларында танымал болған Ақтөбе қаласының волейбол құрамасындағы 17 жасар қыз.
...