+3 дауыс
10.8k көрілді
Кешірерсіздер егер сурет тым дөрекі болса. Бірақ түсінікті болу үшін салып жатырмын. Аяғымның артын аяқ киімім қажап тастап, терісі түсіп ауырып жатыр? Қалай жазылып кетуін тездетуге болады? Әйтпесе жүруім қиындау кетті! :)

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
*Менікі де дәл осындай терісі түсіп қатты-ы ауырған жүргізбей...Синтомицин жағыңыз және де мақта салып киіңіз..)Әйтеуір,кетті )*
Рахмет! Жауабыңыз ұнады.
+1 дауыс
*Зеленка жағып, пластрьмен жауып қойыңыз!!!*
+1 дауыс
*Аяжан мен Гоха айтып кеткен  істерді яғни ем-домдарды  жасаңыз. Ескерте кетейін:
Келесіде аяқ киім алғанда үлкендеуін алыңыз.Сонда аяғыңыз қажалмайтын болады!:)*
+2 дауыс
Үй жағдайында ма?  ммм суретте сұмдық болып кетіпті. Жоғардағылардың жауаптарын қолданарсыз-ау, ал мен алдын алу мен болдырмау үшін қолданылатын емдерді айтайын.
Біріншіден, аяқ киіміңіз қажамау үшін оны аларда жұмсағын таңдаңыз, болмаса оны жұмсартып киюге болады. Жұмсарту үшін: Аяқ киіміңіздің қажайтын жеріне киер алдын кір сабын жағып киіңіз, сонда қажамайды, немесе спир жағып қойыңыз жұп-жұмсақ болып жұмсарып тұрады.
Ал енді екіншіден, сіздің аяқ теріңіз қатты, құрғақ шығар . Оның да амалын табуға болады. Жатар алдын аяғыңызды жуған кезде ыстық суға жуғайсыз, одан кейін құрғатып сүртіп дәріханаларда сатылатын  "Джонсон беби" сәбилер майын жағыңыз және жағып жүріңіз де. Теріңізді жас сәбидің терісіндей жұмсартып береді. Бұдан кейін аяғыңыз сізді мазаламайды. Тек аяғым тағы қажайды-ау деп ойласаңыз аяқ киімді киер алды қажалған теріге жоғарыдан аталған майды жағып қойыңыз, бимарал жүресіз. Өзім қолданғандықтан, кепілдік бере аламын.
Саулығыңызды тілеймін!
0 дауыс
Аяқ киімді сірке суымен (уксус) сүртсе аяқ киім аздап кенейеді
Рахмет байқап көрейін.
0 дауыс
ЫЫЫЫӘӘ ыыыхыхыхыы сұмдэээқ сурет екен. ұжсс. тез жазылып кетсін. [мына][1] суретті қайтадан өргендей әсер алдым


  [1]: http://aitaber.kz/blog/dastyr/709.html#comment7856
ық ық сол суретті бекер қойдым-ау, психиканды әптен бұзды ғой)) (дөрекіліктің аты  дөрекі ғой қашанда) сурет дөрекі шықты :,(((((
+1 дауыс
Мынау іріндеп көрініп тұр ғой брат, дәрі жақпастан бұрын ірінін тазалап алу керек. "Перикс" тамшылатыңыз.
Сосын анау шетіндегі қарайған жерлерін де алу керек. Алдымен аяғыңызды ыстық суға салыңыз, марганцовка болса оны қосыңыз суға, аяқ жібіген сон абайлап тазалаңыз, тазаламай жатып дәрі жақсаңыз көмегі бола қоймас.
...қажамайтын аяқ киім киіңіз... егер сол аяқ киімнен бас тарта алмасаңыз сол қажаған жеріне езілген сабын жағып қойыңыз, түнімен солай тұрса ертеңгілік сүртіп тастап, қажаған жерге лейкопластыр жабыстырып кисеңіз қажамауы керек...
0 дауыс
Сидишь без носки! :)

Не ғо,бірінші дұрыстап тазалап, лейкопластыр жабыстыр,ана қажайтын аяқ киімді тыста лақтыр...
...