+1 дауыс
31.4k көрілді
Аяқ киімім аяғымды қажап жара қылып тастады. Не істеуге болады аяқ киімге қажамас үшін?

4 жауап

+1 дауыс
Ондай жағдай кез-келген адамның басында болады.Сұрағың өте орынды,бірақ Гуглден,Яндекстен "Егер аяқ-киім аяғыңызды қажаса"деп іздесеңіз әлбетте шығады.Бірақ,мейлі көңіліңіз қалмасын сонда да жауап берейін.Дәл осы жағдай 4-5 күн бұрын менің басымнан өткен.Жаңадан сатып алған туфлиым өкшемді қажап,жара қылды.Мен шұлығымның ішіне мақта салып,лекопластермен жабыстырып тастадым.Содан киін туфлиыңызды кигенде қажаған жері ауыртпайды.Бірақ мынаны ескеріңіз:Егер жараңыздың терісі сыдырылып,қанталап тұрса онда мақта салмаңыз,неге десеңіз мақта жараға жабысып қалады.Ал егер жараңыз қабыршақтанса онда мақта салып,сыртынан лекопластермен жабыстырып,шұлық киіп алыңыз.
+1 дауыс
"Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса" Аяғыңа болатын аяқ киім ал да, өйтіп қиналғанша.
0 дауыс
Жаңа аяқкиім алғанда болатын жағдай. Мен мұндай жағдайдан аптекадан 5 теңгелік лейкопластыр алып соны қажалған жерге жапсырып алғанмын. Сәл де болса көмегім тиеді деген оймен айтып отырмын. Бұл  лейкопластырдың артықшылығы ол аяққа жақсы жабысады және ортасында ауа кіретін қабаты бар!
0 дауыс
Егер киген бәтекей қажайтын болса, бәтекейіңнің қажайтын жерін кесіп таста, болды. Ауылда бәріміз солай жүреміз. Матцикылды да, белсебетті де, мәшнәні да сомен айдап жүре береміз, жасыратыны жоқ)))
...