+2 дауыс
692 көрілді
Ситуация: Көшеде кетіп бара жатырсыздар...Жаңбыр құйып жауып тұр...Көшенің жолы тегіс болмаған соң, шалшық сулар жиналып қалған...Бір кезде машинаның ішінде бір ақымақ жас жігіттер сіздің қасыңызға газды басып келіп, тоқтап, газды басып айдап кетеді...Жердегі жиналып қалған жаңбырдың суы, әп-әдемі, жаңадан алған, әппәқ киіміңізге алмандай болып шашырап кетеді...(Пәхәх. Құдай сақтасын) Жаңағы жігіттердің сізден кешірім сұрайтын ойы да жоқ екен, кетіп барады...Ал, Көшедегі адамдар сізге аузы ашылып қарап қалған, ужс...Сіздің сондағы әрекетіңіз.........

11 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам құқығы қорғалатын қоғамда өмір сүретінге ұқсаймыз ғой(Назекеңнің айтуы бойынша). Машинанын номерін жазып алып полицияға немесе сотқа шағым түсіруге болады. Куә бола алатын адамдардың номерін жазып алуды ұмытпа. Егер жаңағы оқиға болған жерде сыртқы бақылау камералары болса тіпті жақсы.
Қысқасы былай:
1. Жаңағы машинаның номерін, тусін, сізді былғап кеткен жерді және сол уақытты жазып ал.
2. Куәгерлер қажет. 2-3 адам болса жетеді. Олардын аты-жөні, жасы, телефон номерін жазып ал.
3. Полицияға барып еркін турдегі арыз жазу керек. Куәгерлер туралы мәліметті де көрсеті керек.
4. Егер жаңағы киімді тазартуға апарсаңыз, сол химчистканың чектерін арызда көрсет (шамамен 2000-10000т арасында болады). Егер киімді тазарту мүмкін болмай қалса, жеке мүлкіңіздің бүлінгені жайлы акт толтыруға болады. Оны арнайы экспертиза арқылы жасайды(шамамен 8000-9000 мың болады). Ергер киімді алған кезде берген чек сақталған болса тіпті жақсы болады. Сол жасаған әрекеттеріңізді арызда көрсетіп кетіңіз.
Егер полицияда сіздің арызыңызды қабылдамаса, сізге полицияға жүгінді деген құжат береді. Сол құжатты, жаңағы чектерді, жеке куәлік, куәгерлер мәліметтерін алып тура сотқа арыз жазыңыз. Егер барлығын дұрыс толтырсаңыз салыстырмалы түрде тез арада қаражатыңызды қайтарасыз.
P.S. Моральды өтемді де жазып жіберуге болады, егер қаласаңыз (шамамен 20000-30000 мын болады).
Әй меніңше ол есерсоқ құтылып кетеді ау. себебі ол су шашылғанын көргемін жоқ кешір деп сүттен ақ, судан таза болып шыға келсеші!!!!
Белгісіз
Ондай болса абайсызда адам өлтіргені үшін де сотталмау керек. Көрмей қалдым мен деп))
Ол басқа әңгіме ғой!!! енді мынау тым қарапайым болғандықтан, меніңше оны кінәлі деп табу қиындау сияқты.
Белгісіз
көрген, куәгер адамдар болса болды
Рахмет...)) Жақсы пікірлер..!!
+3 дауыс
Мына сұрағыңыз нағыз өмірден алынған ба қалай? Астанада жаңбір құйып тұр қазір, мен болсам такси ұстаймын да тайып тұрар едім.
Қазақстанның барлық жерінде жаңбыр сияқты ғой)
ия біздеде
бізде күн шыжып тұр
+2 дауыс
Әрине ашуланамын(devil)
+6 дауыс
Тайт  кір жуу ұнтағын сатып алып, киіміңізді аппақ етіп жуып аласың да енді.      Немесе  ол машинаның нөмерін біліп алып,   кейін көшеден көріп жатсаң,   таспен сырып кетуіңе болады    енді   су шашпа деп жазуға болат.   ,  немесе жұмыртқа лақтырып, немесе дөңгелегін жарып.  Бірақ  кешірсең жөн болатын шығар. Ішіңде кек сақтап жүргенше     Қайдан білеміз мүмкін әдейі жасамаған шығар.  Негізі ондай түкке тұрғысыз нәрселерге күні бойы көңіл күйің түсіп жүруі дұрыс емес.
өте дұрыс айтылған пікір
рахмет..))  кешірімдімін..)) Әттең менің басымнан өтіп тұрған жоқ..)) алдын ала сақтық шаралары ғой..))
Жауабыңызға бір күлдім..))
5 000 ақш долларына алынған тон болса да ма?
тон кимеймін.)
Онда жүре бер))) жуа саласың ғой. Ана жігіт екінші рет тағыда біреуді суға шомылдырып кетер)
+4 дауыс
Киім үшін,нерв құртып не керегі бар... Оның қасында киіме жоқтарда жүрген жоқпа,қайта шүкір әппәқ киімімнің болғанына .Қандай жағдай болса да,сабыр сақтау қажет!
рахмет..)) жақсы жауап..))
+3 дауыс
Қатты жындансам машинаның артынан қуып барамын
))))))ай қатырасың)))))
бір күлдім..)) представить етіп отырмын..))
Аттыға ілесіп, жаяудың таңы айырылыпты.
Белгісіз
Мақалыңыз жөн. Бірақ адам ашуланғанда адреналин бөлінуі мүмкін ғой.
Әйгерім қатырасың)))))
+3 дауыс
Меніңше оған бола дау шығарудың қажеті жоқ болатын нәрсе болып қойғаннан кейін өзгерте алмайсың! Мейірімді бол. Үш күннен артық кек сақтауға болмайды!
рахмет..)) кекшіл емеспін..)) Жақсы совет..))
+1 дауыс
Қалтамдағы револьверімді шығарамында машинаға қарай тарс еткізем.Десең я.
деп қойдыңыз уже...<s>Әдіреңғалғыр))))</s>
0 дауыс
9 милиметрлік оқты басына жаудыртам))))))))))))))
0 дауыс
Қандай  да болсын бір іс-әрекетті жоспарлағанда сабырлылық керек, сосын ойланып барып сол істі жасау керек.Әрине менің басыма осындай іс келсе,Marseille қолданушымыз айтқандай жасар едім!Ең бастысы-көрген куәгер болуы керек немесе бақылау камерасы арқылы нөмерін анықтауға болады,ондай жағдай болғанда сол машинаның артынан асықпай аңдитын адамда керек болады,бірақ білдіртпеу керек!Жәси  негізінде бұндай адамдар да өмірде болады,алдын-ала сақтық шараларын ұйымдастырғаныңыз шынымен де дұрыс,тек байыппен,оймен,ақылмен жасасаңыз болғаны!
0 дауыс
Ішімнен боқтаймын не сырттан боқтаймын.

Немесе, жынданамын, ашуланамын...

Ұқсас сұрақтар

...