+2 дауыс
11.9k көрілді
Бесқонақ, құралай деп аталатын табиғи құбылыс тек батыста ғана болама, барлық облыстама? Және ол не???

3 жауап

+1 дауыс
Құралай деген ең қатты жел
+1 дауыс
Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктіңширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы “Бесқонақ” деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.б. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн “фәнджи” немесе “андаргах” (“ұрланып кіретін” не “кетікті толтыратын”) деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі соғда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде “Бесқонақ” үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша “Бесқонақ” жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады.                                                                                                  

Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері; табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал.

Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады. Осы кезде киік лағы (құралайы) аяқтанады
0 дауыс
Бесқонақ - сәуірдің 13-і мен 18-і аралығындағы болатын жаңбыр. Қазақ халқының ырымы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...