+2 дауыс
3.5k қаралым
Осы кейбір отбасыларда "Мен "современный\заман талабына сай" адаммын, шырағым, маған сәлем салмай-ақ қой, басыңа орамал тақрай-ақ қой" дегендерді жиі естимін. Жалпы, "современный" адам боламыз деп, дәстүрімізді ұмытып бара жатқан жоқпыз ба, бұл дәстүрімізге балта шабу ма?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем салғаннан келін ешқандай да "современный" болмай қалмайды, және  сәлем алатын адамда "современный" болмай сорлап қалмайды. Егер келін сәлем салса ол жетелі,көргенді,әдепті болғанының белгісі. Өзінің келін екенін білдіріп алдындағы үлкен адамға ізеттілік дегеннің бар екенін ақылмен түсіндіріп тұрады, соны ұға қойған үлкен кісі де өз орнын түсіне қойып "қарағым көп жаса"-деп бата беріп ізеттілік жасайды.  Бұларды көрген балалар да ойланып қалады. Ал енді "современный" болдым деп келін,бала-шағас ымен бірге шомылуға барып,күнге қыздырынып  немесе тойларда ортаға шығып алып келінімен тайраңдап билеп жүрген аталардан балалар қандай үлгі алады. Өйтіп жүрген келіндерге қаншама көз салмайын десеңде еркек болған соң көзің түсіп кетеді,бәле содан басталады. Қазіргі еркектер 70-жасында да 35-тегідей көрінеді,үстерінде костюм қалшыйып,аяқтарында туфли жалтырап,мойында галстук қылқынып .Мүмкін сондықтан да  салем салмай-ақ қой деп айтатын шығар,қартайғысы келмей.
Менің апама(әжем) пенсия тағайындайтын кезінде мекеме басшылары тегінің кім екенін сұраған.  Апам рахмаллүк айта қояйын десе атасының атын атап қоятын болған,айтпаса пенсия шықпай қалайын деп тұр. Не істеу керек ойланып-ойланып тұрып Бейсембекова деп жаза салыңдаршы деп жалыныпты. Бейсембек дегені менің атам,өзінің шалы. Қызметкерлер де түсінсе керек солай жазып жіберіпті де,өле-өлгенше тегі шалының аты болып кетті. Сол кезде апамның жетпіске келіп қалған кезі еді,осыдан салтты қанша жасқа дейін ұстау керек екенін бағамдай беріңдер.
+1 дауыс
қазақтың сәлем салу ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ЖЕРІ БІЛЕДІ бірақ коп жастар үйленгеннен кейн кемінде 2 айдай сәлем салып жүреді,2 ай уақыт өткен сон "современный\заман талабына сай" болып кетеді
Рахмет, Досжан! Бақытты болыңыз!
Бірақ, Жастар үйленгеннен кейін  неге 2 айдан кейін "современный\заман талабына сай" адам болып кетеді, жауабыңызды толықтасаңыз, нұр үстіне нұр болар еді...
+3 дауыс
Иә Жасико сіздің айтып отқаныңыз дұрыс.
Уақыт өткен сайын ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміз ұмытылуда. Соның ішіндегі 'сәлем салу'. Көптеген жеңгелеріміз сәлем салмайды, салсада дұрстап салмайды. Осыған себебепшi болып отқан өзіміз. Яғни басқа мемлекеттерге еліктеп жүруміздің арқасында болып отыр. Басқа елдердің жақсы жақтарын үлгi етіп алып, жаман жақтарын ысырып қоя салуымыз керек. Орамал маселесіне келетін болсақ, көптеген келіндер ата-енесінің қасына келгенде орамал тағып, ал сыртқа шыққанда орамалсыз жүреді бұл дұрыс емес. Керісінше iстеу керек сыртта орамалмен жүруі керек, ал ата-енесінің қасында орамалды тақсада тақпасада өз еркі. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу өз қолымызда. Оны сіз болып біз болып сақтап қалуымыз керек.
Дұрыс айтасыз, Бақытжан! *Орамал маселесіне келетін болсақ, көптеген келіндер ата-енесінің қасына келгенде орамал тағып, ал сыртқа шыққанда орамалсыз жүреді бұл дұрыс емес* дегеніңізге 100 пайыз келісемін, оны қыз-келіншектердің орамалсыз жүргенін көрген  жас отбасылар да заманынан қалғысы келмейді...
+1 дауыс
Сақинаңа тар келмес
Алам десең Адай қызын,
Бірақ та мықтап ұста
Салт-дәстүрін біздің - деп Жақаудың өлеңін жазып бір мақтанып алайыншы. Сонымен современный, заман талабына сай дегендер құрысын. Бұл менің өзгелерден бөлінгенім емес, Батыс Қазақстан салт-дәстүрдің тірегі.
Жүніс ханым лебізіңді түсініп жатырм, түсініп жатырм. Сені келінге аламын-ау дейм Батысқа, Хд.
+1 дауыс
менің айналамдағы адамдарға қарағанда қазақтың бұл дәстүрі сақталып келеді , оған бір дәлелім өзімнің туған женгем сәлемін үзбейді.  өзінен үй ішіндегі жасы үлкендерге ұйқыдан бір үйде тұрғанда да сәлем етеді,және бұл бүкіл руымызда жалғасып келе жатқан үрдіс, сәлем ету бұл келіндердің өзінің үлкендерге деген құрметі, жәнеде шаңыраққа (үйге ) кіргенде де босағаға сәлем етіп кіреді
–1 дауыс
Соны да білмейсің ба. Иа-иа. Әрине салады
мен адаймын.маңғыстауда тұрамын.2жылдан бері келінмін.ақтауда 2 бөлмелелі шағын үйде тұрсақта танертен ата- енеме сәлем саламын.бир жактан келгенде саларсын дегенимен мен салп журе бердим.қазақтың салтын жақсы көремін.сол себепті ұмыт қалдырмауға тырысамын.маган орамал такпай ак кой деген бирак мен тастамадым.уйде унеми тагып журемин.биздерде ет жеп болганнан кейн табакты келин салем салып алады.ондайда улкендер алғыс айтады.және алган табагынан ауыз тиеді.сарқыт саналады.жане мен соны жаксы коремин.шамам келсе бас табакты алгым кеп турады.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...