Өмірде түрлі-түрлі жағдайлар болып жатады. Бір мысал келтіре кетсем, мәселен, бізде дебат өтті қалалық. Сол кезде біз бірінші орынға шығып тұрған едік. 40 команданың ішінде 257 баллмен алда тұрдық. келесісі 214 баллмен 2ші орын болып тұрды. Финалға өттік, Ойынды ойнап біттік. Негізі, айтқанда даттаушылар біздің кейсімізді мүлдем құлата алған жоқ. Ең аяғында, төреші сараптама жасаған кезде , біздің әрбір сөзімізге тиісумен болды, әрбір сөзімізді жоққа шығарып отырды. Сол кезде төрешінің айтқан сөзі: сіздер жеңілгендерінізбен, деп сондай нәрселер айтты. Сонда, мына төреші өз сөзінен өзі ұсталып отыр ғой. Шынымды айтсам, осы кезде мынадай сұрақ қойғым келді: сіздерге қанша төледі деп. Бірақ, жарайды деп сабыр сақтап, айтпадым. Ал ол кезде қалған 2 төреші өз сараптамаларың айтқан да жоқ. Және де төрешілер - студенттер болды. Меніңше, олар өздері келісіп алған сияқты. Демек, олар Кім 1ші, кім2ші және 3ші орындарды алдын-ала кімге беретіндерің келісіп қойған. Егер, ойында осындай әділетсіздік орнап жатса, мүмкін өмір әділетсіздіктен тұратын болар. Қалай ойлайсыздар? "Өмір - әділетсіз" дегенмен келісесіз бе?