+2 дауыс
856 көрілді
қазіргі уақытта қазақтың қарадомалақ балалары мен қара көз қыздары өзге тілде сөйлейдію(бәрі емес)Қалай ойлайсыздар олар білмегендік пе әлде орысша сөйлеу мақтаныш деп ойлайма екен?

10 жауап

+3 дауыс
Иә, көпке топырақ шашуға болмайды. Алайда, кейбір қазақ бауырларымыз, өкінішке орай, өз ана тілдерінде сөйлемей, басқа тілде сөйлейлі. Меніңше, ол  біріншіден - білмегендік; екіншіден - өз тіліне деген құрметсіздік; үшіншіден - орысша сөйлегенді мақтаныш көреді. "Өзге тілдін бәрін біл! Өз тіліңді құрметте!" демекші, әр адам өз тілін сыйлап, құрметтеуі қажет.
+1 дауыс
ия, рас. барі болмаса да көпшілігі орыс тілінде сөйлейді. Кейбіреулері  орысша сөйлегенді мақтаныш көреді, кейбіріулері кішкентай кездерінен үйлерінде орысша тәрбиеленгендер. Алайда, орыс тілінің де өз орны бөлек кой! Со себепті шұбарланбай сөйлейікші!
+1 дауыс
Дәл осы сайтта мен қазақ тілінен мәселе көріп жүрген жоқпын, дәлелсіз қызыл сөздерге құмарларды болмаса.
+1 дауыс
ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЗАҚ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСУ КЕРЕК!",-деген заң шығару керек. Және де қазақ тілін әрбір қазақстандық білу керек деген заң болса , барлығы қазақ тілін үйренуге талпынады. Ал білмейтіндерге - заңмен шара қолдану керек (штраф төлету керек) СОЛ КЕЗДЕ ҒАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ!
сонда біздің демократиямыз қайда қалады?
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ! АЛДЫМЕН, ОСЫ МӘСЕЛЕМІЗДІ ШЕШІП АЛАЙЫҚ, одан кейін асықпай ДЕМОКРАТИЯмызды да шеше жатармыз......!
Менін ҚАЗАҚ ТІЛІ мәртебесін көтеруге қарсылық танытып тұрғаным жоқ. Қайтсек қазақ тілдің мәртебесін көтереміз деп жүрген жандардың қатарынанмын. Сіздің сөзіңізге қарағанда ҚР халқына ҚАЗАҚ ТІЛІН білуді жүктейтін болсақ, біздің демократиялы ел екеніміз қайда қалады дегенім.... Біздің елде 130дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратынын да ескеріп қойыңыз
Ондай заң шығарылмаса біз ешқалай да Қазақ Тілі мәселесін шеше алмаймыз!
Елдің мемлекеттік тілін білу әр азаматтың парызы! Егер 130 ұлт пен конфессия дей беретін болсақ неміз қалды! Қай батыстың дамыған елдерінде бар айтыңызшы 130 ұлт конфессия деп отыру. Америка қара мен ақтан, азиат пен африкалық және европалықтардан құралсада бір ғана тілде сөйлейді. Иә басқа ұлттардың тіліне де түсіністікпен қарау керек.  Қазақ тілін білуді міндеттесек демократияға еш нұқсаны келе қоймас.
+1 дауыс
көпшілікті қайдам, өзім жайлы айтатын болсам мен былай өмірде достарыммен тек қазақша сөйлесемін, ал агентте отырғанда орысша көбірек сөйлесетінім рас, себебі кейбір заттарды орысша жеткізу тезірек әрі көбіне соткамен кіретіндіктен орысша аудармасы қысқарақ болып шыққандықтан көп нәрселерді орысша жаза саламын,
+1 дауыс
Шыныменде! Қазақтың өзі далада орысша сөйлеп жүреді. Олар орысша сөйлегенді мақтанғандай айтып жүреді. Соған қатты ренжімін. Қадір Мырзалиев айтқандай*АНА ТІЛІҢ-АРЫҢ БҰЛ. ҰЯТЫҢ БОП ТҰР БЕТТЕ. ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ. ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ!!!!!!!!!*
0 дауыс
Сіздің  көтеріп  отырған  жанайқайыңыз  жүрегі  елім  деп  соғатын   әрбір   қазақ баласының   көкейінде  жатқан  ащы  бір  түйін  секілді.  Көшеде,  қоғамдық  көліктерде  орысша  сөйлеп  тұрған  қазақ  жастарын  көрсем  меніңде  жүрегім  қан  жылайды.  Тіл  мәселесін   орысша  сөйлегенді  мақтаныш  көретін,  оның  ішінде  төл  тілімізді  менсінбей  жүргендер  және  қазақ  тілін  мүлдем  білмейтіндері  бар  жоғары  да  отырған  ағаларымыздан  бастаған  дұрыс  шығар.  Солардың  ішінде  балабақшаның  балалары  секілді  қазақ   тілінде  сөйлеп  отырған  өз  ағаларымызбен  әпкелеріміз  бар  емеспе,  оларды  естіген  өзге  ұлт  өкілдері  не ойлайды?  Студент  кезімде  тобымызда  түрік  қызы  болатын,сол  қыз  алғашқы  келгенінде   Қазақстанның  мемлекеттік  тілі  орыс  тілі  деп  ойлап  қалыпты,,,ҰЯТЫН-АЙ!!!  Өз  тіліміз өз  елімізде  күрделі  мәселеге  айналған  біз ғана  сияқтымыз-ау  деймін.  Бірақ  көш  жүре  түзеледі  дейді ғой,  қазақ  тілінің  намысын  жырлап  жүрген  азаматтарымыз  аман  болса,  Қазақстан  30-40  жасқа  келгенде  бұл  мәселе  100  пайыз  орындалатынына  сенейік!    Тағы да  тіл  мәселесімен  айналысып  жүрген   бағдарламаларымыз   бар  мысалы,  Алматы  арнасынан  болатын  " Тіл  сақшысы" .  
    Қазақ  тілін  біле  тұра  орыс  тілінде  сөйлейтін  кейбір  қазақ  жастары   былай  тұрсын, орыс  жастарын бір-бірімен  қазақша  сайрататын  және  оны  мақтаныш  көретін  дәрежеге  жеткізетін  күндер  алда!
0 дауыс
арнайы заң керек ,бар шығар,соны жүзеге асыру керек
0 дауыс
Ел болам десең - бесігіңді түзе демекші, тілімізді жөндемей ешқандай алға қадам баса алмаймыз.....
 Баяғы жартас, сол - жартас! Қазақ тілінің жағдайы 20 жыл бұрын қандай болса, әлі де сол! Мүмкін сәл-пәл жақсарған шығар! Оған кедергі болып отырған меніңше орыс тілі! Себебі орыс тілі бізде ресми тіл деген мәртебеге ие. Қазақта сөз бар ғой: "Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді" деген, осылай бола берсе қазақ тілінен айырылып қаламызба деп қорқамын. Тіпті көрші қырғыз елі тіл мәселесіне келгенде бізден оқ бойы озып тұр. Қырғыздар орыс тілін ондай мәртебеден айырғалы жатыр, өз тілдерін биік көтеріп, қолпаштап жатыр.
–1 дауыс
"қазақ тілдің мәселесі мүлде тіпті мәз емес"п--осы сөйлем құрасыңнан кейін қазақ тілі қайтіп өркендесін...
...