0 дауыс
17.7k көрілді

Берілген жай сөйлемдерге ойларынан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып,қарсылықты салалас құраңдар

1 Жел саябырлаған сияқты,  ..... . 2. Теңіз тынышталды, .... .3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, ..... .4 Бұрын бай еді ..... . 5. Көп балалы үйдің  шаң-шұңы көп болушы еді, .... ..Жаз ортасы болып қалды, .... .

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Бірақ шөптердің басы әлі қыбыр-қыбыр етіп қозғалып тұр.Бірақ теңіз аласұрған кездегі аққу-қаздардың қиқуы әлі басылған жоқ.Бірақ көлікпен бара алмағандықтан,жаяу барып біраз уақыт кетіріп алдық.Бұрын бай еді,бірақ қазір күнін әзер көріп отырған бір бейбаққа айналыпты.Бірақ бұл үйде оның бірі де байқалмайды.Бірақ күн әлі жарытып ысып көрген жоқ.

0 дауыс

Қарсылықты салалас  тек бірақ деген шылау арқылы байланыспайды.  Қарсылықты салалас бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.

...