0 дауыс
"Абайды тану-адамды тану" мен бұл қанатты сөзде үлкен мән бар деп түсіндім.бұның мағынасы Абай шығармашылығы психологиялық,адамгершілік дұрғыдағы әлем шығармаларының қатарындағы адамға берер ұлағатты, мол өсиеттерге бай деген болуы керек.Ал енді сұрақ-Абайдың қай өлеңі сіздің өмірдегі өз орныңызды табуға немесе қате жолдан қайтуыңа көмегін тигізді?
05.04.2012 894 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
05.04.2012
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы