Онда-ондай менде де болған, қазір де болып жатыр... Қатар оқып жүрген группада 4 жігіт бармыз, солар ашық түрде айта береді "мен ақшамен түскенмін, сабаққа келмесем де оқудан шығармайды, бәрібір диплом береді" деп, ол менде меңгерушілерден таныс болуы былай тұрсын, техничка, охраниктерден де танысым жоқ, сенерім тек Аллаға және өзіме.
иә, ішің күйеді баста, сабаққа түнімен дайындалып барып жақсы баға алып жатқанында, олар ауыздарын ашпастан сол бағаны алып отырады.
сен ондайларға мән бере бере, бәрібір дым шықпайды, тек өз уақытыңды күт, өмір алма кезек, күндердің күнінде олай талтандап жүргендеріне өкінетін болады. Мәселе бағада емес, білімде. Диплом - жәй қағаз, ол білімді сен өмір бойына пайдаланасын. Ол сенің ең басты қаруың болады. ОЛардан артық екеніңд дәлелде!