Наурыз көжеге қосылатын заттарды кім біледі?

+3 дауыс
31.4k қаралым
Қыздың шеберлігінің бір қыры тамақ жасау...демекші, кім дұрыс рецептін айтады екен?
Жалпы сұрақ

4 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
0 дауыс

Әйтеуір, 7 түрлі нәрседен жасалады ғой. Су, сүр ет, бидай, тары, арпа, сүт, тұз
 ... деп келеді кей жерлерде.

0 дауыс
бидай, сүр ет, тұз, су, ұн , сүт, құрт.
0 дауыс
сүр ет.маш.лобия.бидай.күріш.айран.мейіз.тары.бұршақ. тағы тағы .....өз басым осылардың бəрін қосамын....

Ұқсас сұрақтар

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы