+1 дауыс
21.2k көрілді
Бүгін түсте 2 жарым, 3 сағаттай ұйықтадым-ау дейм. Бір сұмдық түс көрдім. Түсімде жәндіктер, яғни скорпион, жылан, ұмытып қалғанымды қараш, әйтеуір шағатын заттар жаудыртып терезе жақтан келіп жатыр, келіп жатыр. Тіп тіке маған шабуылдап жатыр, шабуылдап жатыр. Өлтіріп жатырм, өлтіріп жатырм, бітетін түрі жоқ. Уф дегенде ұйқыдан ояндым әйтеуір сөйтіп. Оянғанда да зорға тұрдым. Бүкіл тұла бойым ауырды, тіпті аз ұйықтаған адамдар құсап. Бұрында сөйтіп ұйықтағанда көңілді болып тұратын едім. Әйтеуір сөйтіп ұйқыдан тұрып  шаштаразға бет алдым. Бұл түсті меніңше Алла Тағала дұшпандарың көп, сақтан деген аян берген сияқты. Сендер қалай ойлайсыңдар?

8 жауап

0 дауыс
түс  түлкінің  боғы  дейдіғой   түске  сене берме   реално    өмір  сүру  керек   менің  айтарым   түске  ешқашан  сенбе  әйтпесе  қияли  болып  кетесің.  Онсызда  біздің  қазақтар   қазақ  десе  өзімізге  келеді  әлі де  есін  жия  алмай  қиялданып  келеді .  Дегенмен  өзің  біл  басқалар  не  дейді  екен?
Тағы не дейсің? Айтып қал. Нақты жауап күткен ем.
онда  сол түсіңе сеніп  жүре  бер
Жоғалнақ. Осы сөзбен құлағыңның құрышын қандыр, көзіңнің я.
жоғалнақ деген  несөз    егер  жоғал деген  сөзің  болса  өзің  жоғал    қандай   әдепсіз  адамсың  осындай да  сөзболама екен.сөзді  дұрыс  жаза  алмасаң  онда  мүлдем  жазбағаның  дұрыс
+1 дауыс
Жалпы түсіңде қорықсаң, өңіңде қуанасың.. Егер өзің Алла аян берсе ол тус таң ата кiредi деп естiгем.. Менің ойымша бұл түстің мағынасы өмірде неше түрлі қиындықтар болады, Сен шаршамай  курес,түбінде оянып кеткеніңдей барлық қиыншылықтың соңында жақсылық күтедi деген секiлдi деп ойлаймын..
Солай делік. Солай боларына сендік.
+3 дауыс
Түсінде жылан қуса, әйелдердің арбауына түседі дейді қой құрысын, ЖОҒАЛНАҚ деп қояйын да менде,  Түс деген керемет нәрсе, ол Алланың адамзатқа берген ескерту аяны, оған сенбеуге болмайды. Құдіреті күшті Алла Құранда: «Уа Раббым! Маған патшалық бердің, түс жоруын үйреттің», – деген. Сондықтан кейбір мағыналы түстерді жақсылыққа жорып, сенуге болады, сондықтан да тек жақсылыққа жорығаның абзал, сонда да мынаны оқып жіберші, СЕН!!! үшін гуглден іздеп, көшіріп алдым:
...Бір күні Харон ар-Рашид патшаның түсінде оның аузындағы барлық тістері түсіп қалады. Ол ұйқысынан оянысымен көріпкеліне түсін жорытады. Сонда көріпкел: «Мұсылмандар әміршісінің көрген түсінің мәні мынада: ол өз туысқандарынан ұзақ ғұмыр кешеді» деп, патша тісінің түсіп қалуын оның барлық жақын жұрағатының өзінен бұрын көз жұматынына жориды. Расында да солай болады.

Әйгілі Кир патшаның да түсі өңінде шындыққа айналған. Оның түсіне аяғының астында шуағын төгіп тұрған жарық күн енеді. Ол күнді үш рет ұстамақ болып құшағына қысуға ұмтылғанымен, күн үш рет те оның құшағынан сытылып шығып кетеді де, домалаған күйі алыстай береді. Көріпкелдер мұны: «Сіз отыз жыл патшалық құрасыз» деп жориды. Шынында да Кир патша отыз жыл бойы әмірін жүргізеді.

Кезінде Айша анамыз біздің Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) да көрген түстерінің өңінде жүзеге асатынын айтып кеткен екен. Ұхыд соғысының алдында Мұхаммед (с.ғ.с.) бір түс көреді. Онда ол сауытын кигенін, біраз сиырлардың бауыздалғанын, әрі қылышының жүзінің кертіліп сынғанын көреді. Ұйқысынан оянғаннан кейін түсін былайша жориды: «Сауыт – Мәдинаның іші, демек Мәдинадан шықпай қорғанғанымыз дұрыс. Дұшпандардың шабуылын осы жерден күтіп алып, тойтарайық. Бауыздалған сиырлар – сахабаларымнан шейіт болатындары, қылышымның жүзінің керітіліп сынуы – жақындарымның біреуінің қайтыс болуы болса керек». Расында да, сол соғыста оның жақын туысы, хазіреті Хамза (радиаллаһу) шейіт болады.
Бірақ, көп уайымдай берудің қажеті жоқ, түсіңе көбінесе жарықта көрген, көп ойландырып жүрген мәселер де кіруі мүмкін
Мәә жөні түзу қыз болса болар. Анандай жеңілтек қыздардың арбауынан сақтасын тек. Сен үшін дегеніңе МӘӘӘз болып қалдым. Мың алғыс, қанағат тұттық, бірақ. Бірақ, бірақ интернеттен, гуглден іздеп жазғаның ұнамады. Мен бұл интернетті шынымды айтайын ешқайсысына, ешбіріне сенбеймін. Уағыз да тыңдамайм. Ұстанымым: Сақтану.
Міне, осы қалпыңнаң таңбауыңа тілектеспін,  Сақтықта қорлық жоқ! Бірақ, бұл түс жәйдән жәй кірмеген болар, Қыздарды ойлап жүрсің, ә!? Ни шо әлі-ақ бақытты болып кетесің!
Қыздарды қалай ойламайсың көз алдыңда жүрсе?! Сондықтан ойлама десе де қайта-қайта ойлай берем, бірақ кейде күдер үзем, сонда да ойлай берем бақытыма балап. Сол ни шо әлі-ақ бақытты болып жүрмін ғо онсыз да.
–2 дауыс
Туске сенбе, сенсен жаман болады, басымнан откен тек ман бермей журе бер
Бұны ішіңнен айтып кеткенің жөн болар еді.
–1 дауыс
Ежелгі Мысыр туралы кинолар көргесің ғой деймін, мәселен Мумия. Менде Пиланы көргеннен кейін солай болған.
Саған да қатысты. Ондай фильмдер қарамаймын ше, тек философиялық.
–2 дауыс
Тек жаксылыка жорамалда , ондай түстерди біреуге айтпай ағып тұрған сұга айтады деп естигеним бар
0 дауыс
Негізі тусті көпті көрген адамға жорытады дейдіғой.Мен жорымайын.Бір ескертерім жамандықтан сақтанып жүріңіз.Егер сіз өзіңіз солай ойласаңыз, солай болмақ.1апта бұрын менің түсімде мені қап-қара қарға шаншып жатыр еді тұмсығымен.Ақ тер, көк тер болып көресің де, шошып оянасың.Жақсылыққа жорыңыз!
Бұл түсті негізінде сақтану ретінде аян берген сияқты. Әжемнің аузынан естуші едім, түсіңде жылан көрсең дұшпаныңнан сақтан дегенді.
Онда әжеңіз көпті көрген адам екен,соған сеніңіз де! Сақтанып жүріңіз!
Міндетті түрде.
0 дауыс
[Түс жору праграммасы тегін][1]


  [1]: http://depositfiles.com/files/0fcv5z3q6

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Ақзейнет 31.07.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...