0 дауыс
262 көрілді
Түсімде қайтыс болған қайын атам үйге кіріп келе жатыр екен. Енем екеуміз бірге отыр екенбіз. Қайтыс болған қайын атам қасыма күлімсіреп келіп, қолындағы ақ түйіншегін ұсынып, балаларыңа апарып берші деп, құшақтап бәрі жақсы болады деді.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ халқында түсіңе қайтыс болған жақыны кірсе "құран дәметіп жүрген шығар" деп әруағына Құран бағыштап, жеті шелпек таратып жатады. Islam.kz мәліметінше, бақилық болып кеткен жақыныңыз түсіңізге кірген жағдайда, құран бағыштасаңыз артық болмайды.

"Мұсылманша түс жору" тақырыбы төңірегінде жазылған кітаптарда марқұм болған адамның түске кіруіне байланысты әртүрлі жору жасалған. Қайтыс болған адамның тірі екенін көрсеңіз, бұл түс көрген адамның ісі жақсара бастайтынының және күтпеген жерден қиындықтан кейін жеңілдік болатынын білдіреді.

- түсінде өлген кісінің жүзі жарқын, қуанышты екенін көрсе, оған бағышталған жақсылық жетіп, соған риза екендігінің белгісі.

Islam.kz сайтынан

Ұқсас сұрақтар

...