Түсінде жылан қуса, әйелдердің арбауына түседі дейді қой құрысын, ЖОҒАЛНАҚ деп қояйын да менде, Түс деген керемет нәрсе, ол Алланың адамзатқа берген ескерту аяны, оған сенбеуге болмайды. Құдіреті күшті Алла Құранда: «Уа Раббым! Маған патшалық бердің, түс жоруын үйреттің», – деген. Сондықтан кейбір мағыналы түстерді жақсылыққа жорып, сенуге болады, сондықтан да тек жақсылыққа жорығаның абзал, сонда да мынаны оқып жіберші, СЕН!!! үшін гуглден іздеп, көшіріп алдым:
...Бір күні Харон ар-Рашид патшаның түсінде оның аузындағы барлық тістері түсіп қалады. Ол ұйқысынан оянысымен көріпкеліне түсін жорытады. Сонда көріпкел: «Мұсылмандар әміршісінің көрген түсінің мәні мынада: ол өз туысқандарынан ұзақ ғұмыр кешеді» деп, патша тісінің түсіп қалуын оның барлық жақын жұрағатының өзінен бұрын көз жұматынына жориды. Расында да солай болады.
Әйгілі Кир патшаның да түсі өңінде шындыққа айналған. Оның түсіне аяғының астында шуағын төгіп тұрған жарық күн енеді. Ол күнді үш рет ұстамақ болып құшағына қысуға ұмтылғанымен, күн үш рет те оның құшағынан сытылып шығып кетеді де, домалаған күйі алыстай береді. Көріпкелдер мұны: «Сіз отыз жыл патшалық құрасыз» деп жориды. Шынында да Кир патша отыз жыл бойы әмірін жүргізеді.
Кезінде Айша анамыз біздің Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) да көрген түстерінің өңінде жүзеге асатынын айтып кеткен екен. Ұхыд соғысының алдында Мұхаммед (с.ғ.с.) бір түс көреді. Онда ол сауытын кигенін, біраз сиырлардың бауыздалғанын, әрі қылышының жүзінің кертіліп сынғанын көреді. Ұйқысынан оянғаннан кейін түсін былайша жориды: «Сауыт – Мәдинаның іші, демек Мәдинадан шықпай қорғанғанымыз дұрыс. Дұшпандардың шабуылын осы жерден күтіп алып, тойтарайық. Бауыздалған сиырлар – сахабаларымнан шейіт болатындары, қылышымның жүзінің керітіліп сынуы – жақындарымның біреуінің қайтыс болуы болса керек». Расында да, сол соғыста оның жақын туысы, хазіреті Хамза (радиаллаһу) шейіт болады.
Бірақ, көп уайымдай берудің қажеті жоқ, түсіңе көбінесе жарықта көрген, көп ойландырып жүрген мәселер де кіруі мүмкін