+1 дауыс
9.9k көрілді
жыныс мүшесінің қабынуы деген не?және оның белгілері?қандай жағдайда пайда болады?

1 жауап

0 дауыс
Босанудан кейінгі ерте кезеңінде жыртылған орынды дер кезінде қалпына келтіру.  Жатыр мойнының барьерлік қорғанысын сақтауда патологиялық жағддайды дер кезінде анықтап, емдеу. Абортпен күресу, контрацептивті дәрілерді рационалды қолдану.  Жаытр ішілк операциялар жасалғанда міндетті түрде қынапты санациялау қажет.  Науқас стационардан шыққан соң, әйелдер кеңесінде бақылауға алынуы керек. Әйеледің қабыну ауруын емдегенде міндетті түрде жыныс партерін емдеу қажет.  Қабыну үрдістерін адекватты емдеу әйелдің репродуктивті қызметін сақтайды.
Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының көзі болып микробтар болып табылады.
Эпителия, шырышты қабаттың түрлі зақымдармен зақымдалып, микроорганизмнің кіру қақпасы ретінде ішкі жыныс мұшелерін зақымдайды.
Кіру қақпалары физиологиялық және патологиялық үрдістің салдарынан болады. Физиологиялыққа жатады: етеккір кезіндегі десквамация фазасы, босанудан кейінгі децидуалды қабықшаның қалып қоюы. Патологиялыққа жатады: акушерлік және гинекологиялық операция, аборт, жатыр қуысын қырнау салдарынан дамитын жатыр мойны, денесі, қынап, аралықтың жарақаты.
Микробтың жара бетіне түсісімен қабыну ауруы тез дамымайтыны түсінікті..
Қабыну ауруы осыған қоса ағза әлсәз, ағзаның қорғаныс күші әлсіз болғанда дамиды.

Ұқсас сұрақтар

...