Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының көзі болып микробтар болып табылады.
Эпителия, шырышты қабаттың түрлі зақымдармен зақымдалып, микроорганизмнің кіру қақпасы ретінде ішкі жыныс мұшелерін зақымдайды.
Кіру қақпалары физиологиялық және патологиялық үрдістің салдарынан болады. Физиологиялыққа жатады: етеккір кезіндегі десквамация фазасы, босанудан кейінгі децидуалды қабықшаның қалып қоюы. Патологиялыққа жатады: акушерлік және гинекологиялық операция, аборт, жатыр қуысын қырнау салдарынан дамитын жатыр мойны, денесі, қынап, аралықтың жарақаты.
Микробтың жара бетіне түсісімен қабыну ауруы тез дамымайтыны түсінікті..
Қабыну ауруы осыған қоса ағза әлсәз, ағзаның қорғаныс күші әлсіз болғанда дамиды.