2012 жылы 21 желтоқсанда болады делінген, көпті ойландырып, толғандырған "Ақыр Заман" болады ма? Әлде болмайды ма? Қалай ойлайсыздар?

+3 дауыс
38.1k қаралым
2012 жылы 21 желтоқсанда болады делінген, көпті ойландырып, толғандырған "Ақыр Заман" болады ма? Әлде болмайды ма? Қалай ойлайсыздар?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 38.1k қаралым

33 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
» Смайл СЕЙТБЕКОВ: Ақырзаманның қашан боларын Аллаһ біледі
23 қараша, 2012 10:59 | Соңғы мақалалар » Соңғы мақалалар (1)

Соңғы уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарынан ақырзаман жайында халықты үрейлендіретін мақалалар жарық көруде. Әрине ақырзаман жайында, о дүниелік өмір жайында ғибратты насихат жасалса, жөні бөлек мәселе. Алайда ғалымдар мая тайпасының күнтізбесін негізге ала отырып, 21 желтоқсан 2012 жылы ақырзаман болады екен деп күпіршілік етуде. Бұл жайында бірнеше кино да түсіріп үлгерді. Өкінішке орай діни сауаты таяз, Аллаһқа деген иманы әлсіз жандар осындай әңгімелердің жетегінде кетіп, 21 желтоқсанға дайындықтарын бастап кеткен. Яғни азық түлік алып, өздерінше сақтық шараларын жасауда. Мынаны ұмытпау керек «Егер ақырзаман болса, Аллаһтың қаһарынан ешқандай тірі жан аман қалмайтын болады».

 

Осы тақырыпқа байланысты кейбір көріпкел жандар ел алдында ұпай жинап қалу үшін «Ақырзаман қазір болмайды екен» деп мәлімдеп те үлгерді. Әрине ақырзаман қазір болмайтыны айтпаса да анық мәселе. Өйткені біз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқандарына сенеміз. Оның айтқан хбарларына иланамыз да сол бойынша әрекет етеміз. Сондықтан біз ақырзаман қашан болады екен деп даурыққанша, «Өлім хақ. о дүниеде Аллаһтың алдына барарым хақ. Сонда Аллаһтың алдында не деп есеп берем? Бұл өмірде жасаған құлшылығым болмаса, Аллаһ ризалығы үшін жасаған амалым болмаса, ақырым не болмақ?» деп ойлануымыз керек емес пе?

 

О дүниеде қайта тіріліп, Аллаһтың құзырына жиналғанда әрбір адамның амал дәптері өздеріне таратылады. Содан кейін Аллаһ Тағала пенделерінен жеке-жеке есеп алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығын айтады: «Өмірін қайда өткізгендігі; Жастық шағын қалай өткізгендігі; Мал-дүниесін қандай жолмен тапқандығы; Мал-дүниесін қалай жұмсағандығы; Білгендерімен амал етіп-етпегендігі» (Тирмизи, Қиямет, 1 бөлім, 2416 хадис).

 

Пенде Аллаһтың құзырында есеп беру кезінде жасаған қылмысын мойындамай жалтарғанда, амал дәптері ұсынылады да бүкіл ісі әшкере етіледі. Пенде сонда да мойындаудан жалтарған сәтте оның он екі мүшесіне тіл бітіп, Аллаһтың құзырында жасаған қылмыстарын тізбектеп айта жөнеледі. Аятта осындай сәттің хақтығын былай түсіндіреді: «Сол күні Аллаһтың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. Ақыр оларға барған кезде оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне: «Не үшін бізге куә болдыңдар?» - дейді. (терілері): «Бізді әр нәрсені сөйлеткен Аллаһ сөйлетті. Сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар», - деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Аллаһ істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар» (41.Фуссилат сүресі, 19-23-аят).

 

«Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады. Сол күні Аллаһ оларға лайықты жазасын береді. Сондай-ақ рас Аллаһтың ашық шындық екенін олар біледі» (24.Нұр сүресі, 24-25-аят).

 

Адам мүшелерінің айғақ болулары аздай, қара жер де өзін таптап, жаншып, үстінде неше түрлі пәлені жасаған пенденің әрекеттері үшін қияметтегі ұлы есеп кезінде куәлік етеді. Әбу Хурайрадан жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз «Ол күні жер хабарын айтады» мағынасындағы Зилзәл сүресінің 4-ші аятын оқып:

- Жердің қалай хабар беретіндігін білесіңдер ме? - деп сахабаларынан сұрайды. Сахабалар:

- Аллаһ пен Оның Елшісі ең дұрысын біледі, - деп жауап қатады. Сонда Расулуллаһ:

- Жердің хабар беруі деген сөз, еркек пен әйел яғни әрбір пенденің жер бетінде жасаған  амалы жайында пәленше мына күні мына сағатта ана жерде  мынаны істеді деп хабар береді, - деді» (Тирмизи, Қиямет, 7 бөлім, 2429 хадис).

 

Есеп беру кезінде әділетсіздік атаулыға жол жоқ. Кімнің біреуде ақысы болса, Аллаһ оның ақысын әпереді. Ол кезде ақысы өткен кісі өзіне жәбір көрсеткен кісіні кешірмей, керісінше оның ақысына сай сауабын сұрайды. Ал егер оның сауабы жоқ болса, өзінің күнәсін соның мойнына асуды талап етеді. Міне көріп отырғанымыздай о дүниеміз бізді ойлантуы керек. Ал біз болсақ, ақырзаман жайында босқа даурығып, Аллаһқа күпірлішілік етудеміз.

 

Енді ақырзаманның қашан болатындығы жайында дініміз не айтады соған тоқталайық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Аллаһ біледі», - деп жауап беретін. Десек те, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақырзаманның уақытын айтпағанмен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынадағы ғибраттарды кездестіруге болады. Ақырзаманның белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып екіге бөледі:

а) Ақырзаманның кіші белгілері;

б) Ақырзаманның үлкен белгілері;

 

а) Ақырзаманның кіші белгілері

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі: «Қиямет пен мен бірге жіберілдім», деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).

2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари риуаяты).

3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20).

4. Расулуллаһ (с.а.у.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», - дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», - дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», - деп жауап береді (Бухари риуаяты).

5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1).

6.  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25).

7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты).

8. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.

- Зілзаланың көбеюі.

- Көптеген бүліктер етек алуы.

- Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді (Бухари, Фитән 25).

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік.

 

б) Ақырзаманның үлкен белгілері

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хузайфа былай дейді: «Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) жоғарыдан бізге қарап тұрып:

- Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:

- Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:

- Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

10. Йеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, - деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен  белгісіне қысқаша шолу жасап өтелік:

Тұман (духан) шығу: Қиямет қайым жақындағанда жер бетін тұман қаптайды. Тұман қырық күн, қырық түн бойы жалғасады. Бұл тұманнан мумин пенделер тұмауратып, кәпірлер мас адам секілді сенделіп жүретін болады. Жер бетін қаптаған тұманнан имансыз болған пенделер көз жұматындығы риуаят етіледі. Бір хадисте бы
Бір хадисте былай дейді: «Ақырзаманда бір тұман шығады. Бұл тұман кәпірлерді өлтіреді, муминдерді тұмауратады» (Муслим, Мунафиқун 39).
   
 

Дажжал: Ақырзаман таяғанда Дажжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді. Хадисте: «Дажжал сол көзі көр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннәт пен от бар. Оның оты негізінде жәннәт болып, жәннәті де тозақ болады», - деп келтіреді (Муслим риуаяты).

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Дажжалдың шығатын мекені жайында былай дейді: «Ол Шам теңізінде немесе Йемен теңізінде. Жоқ, ол шығыс жақтан шығады. Иә, ол шығыс жақтан шығады. Ол шығыс жақтан шығады! – деп қолымен шығыс жақты меңзеді» (Муслим, Фитән 119; Әбу Дәуіт, Мәлахим 15).

 

Тағы бір хадисте былай дейді: «Дажжал шыққан кезде өзімен бірге су мен от болады. Бірақ елдің от деп көргені тәтті су, су деп көргені күйдіретін бір от болады. Сендерден кім сол күнге жететін болса елдің от деп көргенін қабыл етсін. Өйткені ол тәтті мұздай су»  (Бухари, Фитән 26; Муслим Фитән 105).

 

Даббатул арз (жерден шығатын хайуан): ақырзаманда «дабба» есімді бір хайуанның шығатындығын жайында Құранда былай дейді: «Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да, ол оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады» (27.Нәмл-82). Бұған қатысты көптеген хадис бар.

 

Күннің батқан жерінен  қайта шығуы: Қиямет қайымның және бір белгісі – Аллаһтың әмірімен табиғат заңдылығына қайшы құбылыс орын алып, күннің батқан жерінен қайта шығуымен байланысты. Бұл күн жұма күніне сәйкес келеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Күн батыстан шықпайынша қиямет болмайды. Күн батыстан шыққанда адамдар оны көріп, жаппай иман етеді. Оған дейін иман етпеген немесе иманында жақсылық болмаған пендерлерге сол күні еткен имандары пайда бермейді» (Бухари,Фитән 25; Муслим, Иман 72; Әбу Дәуіт, Мәлахим 12).

 

Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі: ақырзаман таяғанда Дажжал шығып, өзін құдаймын деп жариялап, түрлі сиқыр мен истидраж (имансыз пенденің көрсеткен сиқыры) көрсетіп жүрген уақытта, Аллаһ көктен Иса пайғамбарды түсіреді. Хазіреті Иса жер бетіне түскен соң, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Себебі, оған түсірілген дін, Ислам діні келгеннен соң күшін жойған болатын.

 

Иса Дажжалды өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады. Иса пайғамбардың ақырзаманда түсетіндігін және не істейтіндігін Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың мына хадисінен білуге болады: «Барлық пайғамбарлар әке жағынан бауыр болғанымен, аналары бөлек. Бірақ діндері бір. Мен Мариямұлы Исаға жақынмын. Өйткені менімен оның арасында басқа пайғамбар келмеді. Расында да ол ақырзаманда жер бетіне түседі. Оны көрген кездеріңде мынадай ерекшеліктерімен танисыңдар: «Орта бойлы, тәні қызыл мен ақ түске жақын, үсті - басы өте таза, шаштарына су тимесе де су тәрізді болып тұрады, ол айырды (кресті) сындырады, шошқаны өлтіреді, жан салығын жояды, мал дүние көп болып, судай ағады, адамзатты Ислам дініне шақырады. Аллаһ Тағала оның кезінде Исламнан басқа діндерді жоқ етеді, ол Аллаһтың қалауымен Дажжалды өлтіреді. Ол кезде жер бетінде бейбіт заман орнап, арыстандар түйелермен, жолбарыстар сиырлармен, қасқырлар қойлармен жайлауда бірге жүріп, балалар жыландармен ойнайтын болады.  Хазіреті Иса жер бетінде 40 жыл өмір сүргеннен кейін қайтыс болады және мұсылмандар оның жаназасын шығарып, жерлейді» (Бухари, Әнбия 48; Муслим, Фәзәйл 143; Әбу Дәуіт, Сүннет 13).

 

Яжуж – Мәжуждың шығуы: ақырзаманның және бір белгісі ретінде Яжуж – Мәжуж атты екі тайпаның шығатындығы жайында аяттар мен хадистерде баян етіледі. Бұл қауымның кімдер екені белгісіз. Бірақ, хадистерде қорғанның ішінде қамалған Яжуж‑Мәжуж елі ақырзаманда жер бетін құмырсқадай қаптап, олардың жүріп өткен жерлерінен шөп шықпайтындай болатындығы айтылады.

 

Шығыста бір жердің батуы; Батыста бір жердің батуы; Араб түбегінде бір жердің батуы: Хадисте айтылғандай шығыста, батыста, араб түбегінде бір жердің батуымен ақырзаманның таялғаны анық болады. Бірақ бататын жерлердің қай мемлекетте болатындығын Аллаһ біледі.

 

Хижаз тарапынан үлкен от шығады: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай дейді: «Хижаз жерінен шығатын, Бусрадағы түйелердің мойындарын жарқырататындай бір от шықпайынша қиямет қайым болмайды» (Мслим, Фитән 42).

 

Осы айтылған оқиғалардың қайсысы орын алды? Әрине ешбірі. Олай болса, дініміз ақырзаман жайында осындай мәлімет берген соң, біздің міндетіміз осы айтылғандарға сеніп, ақыретіміз үшін тиісті амалымызды жасау. Ақырзаманның қорқынышты сәтін жүрегінде иманы бар пенденің көрмейтіндігін Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтып кеткендіктен біздің даурыққанымыз орынсыз: «Аллаһ Тағала Йемен тарапынан жібектен де жұмсақ болып тиетін бір самал естіреді. Бұл самал жүрегінде бидайдай иманы болған пенделерді бақилық етеді» (Муслим, Фитән – 23). «Өздері тірі тұрып, қияметтің болғанын көрген кісілер адамдардың жамандары» (Бухари, Фитән 5; Ибн Мажа, Фитән 24).

 

Дегенмен жоғарыда айтылған хадиске ой жүгірсек, Иса пайғамбар Аллаһтың қалауымен көктен түскен соң әлемді 40 жыл басқаратын болады. Сонда дейміз-ау «21 желтоқсан 2012 жыл» деген сандырақтың қисынсыз екендігі айтпаса да түсінікті болмақ.

 

С.Сейтбеков

ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту

бөлімінің меңгерушісі
+3 дауыс
Көзбен көрмейінше сенбейтін сияқтымын. Негізі болады деп көп жерлерде айтылып жур ғой))
Акмарал жалпы озинде дайындык калай 21 желтоксанга
–4 дауыс
Ақырзаманды вахабтардан сұраныз!
+3 дауыс
21.12.2012ж барлық планеталар,ай,күн бір тізімге түзеледі. сонда темрература бірнеше мың градусқа дейін көтеріледі деп естігенмін. Сонда өздеріңіз ойлаңыздар не болатынын.....
+2 дауыс
Оны біз қайдан білейік. Оны тек бір алла біледі.
+1 дауыс
пенде ақыр заманға адам қаншалықты сенсе соншалықты жақындайды.(ұлан газетінен үзінді)    Сендер сенбей-ақ қойыңдар! Бірақ түбінде болады делінген (қашан екені белгісіз) Мен сенбеймін
1)Осы қауесетті жылда айтады
2)2012 деген киноға қарап көбі шошынып қалған
3)TV3 деген каналға келген №1 көріпкел осы жылы болмайды деді
Сендерде осыған басты қатырмаңдар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Бір Алла шешеді оны! Алла сақтасын бізді!image
Алланың атын қатесіз жазсай.Көкте қарап тұр ғо
–1 дауыс
ЕСТІГЕН ӘҢГІМЕ ))))))))))))))))))))))))((
+1 дауыс
Ақыр заман болып жатыр ғой.Биік ғимараттар,су тасқыны,адамдырдың пиғылының өзгеруі,т.с.с.сідің айтып отқаныңыз қиямет күні.АА оссы қай күні болатыны белгісіз.Ақыр заман деп атаған бұл күн Майя күнтізбесінің бітіуіне байланысты айтылған және бұл ӨТІРІК
–1 дауыс
"Ақыр заманның" қашан болуы не болмауы тек Аллаһқа ғана аян! Оны болады не болмайды деп талқылағаннан ешқандай да пайда жоқ! Болатын істің ертерек болғаны дұрыс, жақсы-жаман болса да. Тек тәубамызға келіп, иман келтірген жөн менің ойымша!
+1 дауыс
менде далбаса,калбасаларға қосылам
хехе))
........
Кім болсаң да аузыңды жап.
+2 дауыс
оны бір жаратушы АЛЛАҺ тағаладан басқа ешкім білмейді!!!
+1 дауыс
Ақыр заман болмайды,менің ойымша бұл саясат халықтың назарын басқа жақа аударып,өз білгендерін жасау үшін.
+2 дауыс
Техникалық ақауларға байланысты ақыр заман кейінгі қалдырылды.
Алдын-ала кешірім сұраймыз.
+1 дауыс
Босқа басыңды қатыр ма?Бұл адамның қолын да емес.ондай сөздерге көп бермейік бауырлар.
+1 дауыс
Ой оның бәрі жай  сөз.өзім ондай әңгімелерге сенбеймін.
0 дауыс
Болса болады да! Болады екен деп намаз бастап кеткендер бар шығар! Менің ойымша сол күні бір құбылыс болады, бірақ заман ақыр емес!!!
0 дауыс
бәрің осы сұрақты қоябердіңдер ғой ақырзаман болуын алладан басқа ешкім білмейді. және саған айтарым бұл сұрақты діни сайттарға қойсаң дегенім мысалы мысалы мына сайтқа   http://ummet.kz/index.php?option=com_jcomments&Itemid=366 нақты толық жауап береді
ақыр заманның белгілері алі келген жоқ
0 дауыс
2012 жылы 21 желтоқсан күні ақыр заман болмауыда,болуыда мүмкін оның бәрі Алла Тағаланың қолында ғой.
0 дауыс
NASA "Ақырзаманға" қатысты пікір білдірді

ВАШИНГТОН. Америка ұлттық аэроғарыш агенттігінің (NASA) өкілдері "2012 жылдың 21 желтоқсанында ақырзаман болады" деген алыпқашпа сөзге қатысты пікірін білдірді, деп жазады Daily Mail. Соңғы екі-үш жылдан бері "заманақыр болады-мыс" деген қауесеттің көп айтылып, жазыла бастағаны белгілі. Тіпті ол туралы бірнеше фильм де түсіріліп үлгерді.

NASA өкілдеріне соңғы уақытта жұртшылықтан, әсіресе жастардан уайымға толы хаттар көп келген көрінеді. Өз хаттарында олардың көпшілігі тәбет пен мазадан, ұйқыдан айырылғанын, дағдарысқа ұшырағанын айтады екен.
Сондықтан да ғарыш агенттігі жақында өз сайттарында "Тіршіліктің неліктен 2012 жылы аяқталмайтынын" түсіндіруге арналған ақпараттық парақша ашыпты.
Ғалымдар онда 2012 жылдың 21 желтоқсанында ешқандай ақырзаманның болмайтынын, тіпті одан кейін де тіршілікке ешқандай қауіп төніп тұрмағанын түсіндірген. Елдің үрейін ұшырған қауесеттің өрттей қаулауына себеп болған нәрсе - майя күнтізбесін қате талдау екенін айтқан. "Ақырзаман" туралы қауесеттің авторы көне шумер жазбаларын тауып, оның құпиясын аштым деп 1976 жылы кітап шығарған жазушы Захарий Ситчин. Ситчин шумерлер жазып кеткен Нибиру ғаламшары 3600 жылдан соң Марс пен Юпитер арасында пайда болатыны, дәл осы ғаламшар 21 желтоқсанда Жерге соғылып, соның салдарынан тіршілік жойылатыны жөнінде жазған еді.
Америка ұлттық аэроғарыш агенттігінің қызметкерлері бұл "тылсым ғаламшар" туралы болжамды жоққа шығарады. "Егер ондай ғаламшардың бар екені рас болса, ол Жерге жақындап келе жатса астрономдар байқар еді ғой. Күні ертең Жерге келіп соғылатыны ақиқат болса ол Нибируді ендігі көзбен-ақ байқауға болар еді", - дейді агенттік өкілдері.
Майя күнтізбесінің 2012 жылдың 21 желтоқсанымен бітетін қалай түсіндіресіздер? деген сұраққа да ғалымдар толымды жауап қайтарған.
"Майя күнтізбесі дегеніміз өздеріңіздің ас үйлеріңіздегі кәдімгі күнтізбе секілді. Біздің күнтізбеміз 31 желтоқсанмен бітеді ғой, сосын 1 қаңтардан бастап жаңасына алмастырамыз. Майя күнтізбесі ұзақ мерзімді күнтізбелік циклге арналған, ол цикл 2012 жылдың 21 желтоқсанында бітеді. Майяның келесі ұзақмерзімді күнтізбелік циклі 2012 жылдың 22 желтоқсанынан басталады", дейді NASA өкілдері.
0 дауыс
Мына мақаланы оқып шық
2012 жылы ақырзаман бола ма? http://baq.kz/news/7170
0 дауыс
ол бір құдайдың қолында ғой осы сұрақты неге қайталап қойа ьереді а!!!!!!!!!
Негізі Акыр заман келсе Кудай сактасын бірак Ел-журт болып баріміз бірге коре жатармыз!Бірак мен сенімді турде акыр заман келмейді деп айта аламын!
0 дауыс
Құрметті, сайтқа кірушілер! Сіздерге айтарым ақырзаман келеді деген адамның қара басына көрінсін! Сондай-ақ ол -өтірік.Ақырзаман деп қорықа бермеңіздер!
Ақырзаман болмайды деп сеніңіздер!Оны ешкім білмейді го майя тайпасынан шыққандардың айтқаны шын ба өтірік па кім білед?
– Бір мезет ойланып көрейікші, қазіргі кезде неше түрлі апаттар не себептен көбейіп кетті. Мен айтар едім, бұл әлемдегі халықтың жақсы нәрсеге деген сенімсіздігінен болып отыр. Адамдар қатыгездікке, жаман ойлауға, қиянатқа бой үйретіп барады. Еш нәрсеге жүректері ауырмайды. Имани, адами құндылықтарға селқос қарау белең алуда. Атам қазақ «қасқыр, қасқыр деме, қасқыр құтырады» деп айтқан. Әлемнің түкпір-түк­пірінде болып жатқан апаттар, көбіне рухани құндылықтар аяққа тапталған жерлерде болуда. Біз өмірге бейжай қарамауымыз қажет. Бір-бірімізге жанымыз ашып, жақсылық жа­сауға құштар болуымыз қажет. Қазір әлем экономикалық дағдарыстан бөлек, рухани дағдарысты да бастан кешіріп отыр. «Жақсы сөз – жарым ырыс».
0 дауыс
Ол блогерлердің ісіғой блокты оқыған сайын оған жақсы сондықтан ақыр заманды жазып дүрліктіріп жатырда! Дүние жүзінде уже осы хабардан 8 000 адам өз өзіне қол жұмсаған!Қызық қазір о дүниеде бекер өліппін деп жүргент та!
:D
0 дауыс
Ассалаумағалейкум құрметті отандастар!Менің ойымша құр дүрлігудің қажеті жоқ.Бұл дүниеде неің боларын болмасын тек Алла ғана біледі.Рас,болжамдар болуы мүмкін бірақ осы күнге дейін неше рет "Ақыр заманды" қарсы алып-шығарып салдық....бұл жолғы да дәл солай болады деген үміттемін.Кейбір адамдар тіпті 21 ақырзаман болады деп бар тіршілігін қойып өмірден баз кешіп кетіпті....ол мүлде дұрыс емес уақытты босқа өткізбе бір күнің болсада еңбекпен айналыс сонда ғана бөтен ойлар бойыннан аулақ болады!
0 дауыс
Негізінде мен сенем Ақырзаман болатынына. Бірақ бұған дайындалудың МҮЛДЕМ қажеті жоқ. Неге ? Өйткені: Құранда жазылыпты ақырзаман басталғанда адам бір тілім нан жеуге үлгермейді екенбіз.  Соны ескерсек дайындалудың қажеті жоқ.
Мен танитын бірнеше адамның ата/анасы осы ақырзаманған типа дайындық есесінде азық/түлік дайындап жатыр дейді. Егер басталып кетсе поника басталып, барлығы тамақ анау мынау керек болып дүкенге барып алалмай қаламызба деген оймен.(giggle)
Тамақ жинап аман қаламыз деу бекершілік!!!!!!!!!!
0 дауыс
мен сенбеймін яғни бұны кімдер шығарып жүр АҚЫР ЗАМАН болады деп
0 дауыс
Соңғы кездері ел аузында ақырзаман 2012 жылы орын алады екен деген қауесет қаптап жүр. Бұл қауесеттен сіздің де хабардар екендігіңізге күмәніміз жоқ. Айтылған болжамдарға күлгендер де бар, сенгендер де бар. Ал дәл осындай жалған болжамдар бұған дейін сансыз рет айтылған және әлі қаншама рет айтыла беретіні белгісіз. Сенбейсіз бе? Ендеше назарларыңызға ақырзаман туралы мыңдаған жыл бұрын айтылған ең қызықты болжамдарды ұсынамыз.

Алғашқы болжам б.з.д. III ғасырларға жатады. Күллі әлемнің көкке ұшатындығын хабарлаған сәуегейлердің бірі - ежелгі гректің абыз әйелі Кассандра болатын. Бүгінде әлемнің көптеген халықтары, тіпті кішкентай бөбектердің өзі оның есімін жақсы біледі. Аңыздарға сүйенер болсақ, Кассандраның болжамы - оның ұлы қойшы Париса мен Елена ханшайымның кесірінен Трояның қирауымен тікелей байланысты. III ғасырда өмір сүрген сәуегей Апокалипсистің нақты күнін айтпаған. Бір қызығы ешкім сенбесе де, Кассандарның кез келген болжамы орындалып отыратын болған. Ал бүгінгі күнгі біздің жағдай тіптен керсінше болып келеді. Ақырзаман туралы түрлі болжамдар айтылады, адамдар оған сенеді, бірақ ешбірі әлі күнге дейін орындалмаған.

Б.з.д 30 – б.з 476 жылдары Рим империясының заманы дүркіреп тұрған кезеңде өмір сүрген көріпкелдер бүкіл әлемді өз қағанаттарының болашағымен байланыстырған. Яғни олардың болжамы бойынша, ақырзаман Рим империясы құлаған сәтте орнайды екен. Онымен қоса олар империяның түбіне жалқаулық, бұзықтық, жезөкшелік жетеді дегенді айтқан. Болжамдардың ешбірі де ақиқатқа айналмады.

1648 жылы Смирна қаласының бір тұрғыны ақырзаманның жақындағанын «көргенін» жария етеді. Ол 1666 жылы тіршілік жойылатын айтқан. Осы пікірден соң, халық тағы да тірішілікпен қоштасуға қамдана бастайды. Дегенмен ол күн де оқыс оқиғасыз өте шықты. Мұндай кезде тәртіпсіздіктің орын алатын білген Стамбулдың ұлы уәзірі Саббатай Цви атты әлгі сәуегейді зынданға салады. Ал, оған сенген мыңдаған адам екі ортада ақымақ болып қала берген.

1843 жылы АҚШ-та Уильям Миллер деген адам ақырзаманның келіп қалғанын, оның 3 сәуірде болатынын айтып, дабыл қағады. Жұрт 3 сәуірді үреймен қарсы алғанымен, қияметтің қарасы да көрінбейді. Ал, Миллердің қайда кеткені белгісіз.

Тағы да бір болжамдардың бірі - Иегова куәгерлерінің басшысы Чарльз Расселдің ақырзаманның болар күнін 1847 жылға белгілегені. Кейіннен ол бұл күнді 1904 жылға жылжытты.

Апокалипсис нұсқаларының ең атақтысы ХХ ғасыр басында болады деп күтілген Жер мен Алып кометаның соқтығысуы еді. Бұл туралы барлық еуропалық газеттер жарыса жазды. Болжам тағы да жалған болып шықты. "Ғарыш әзәзілінің" алып құйрығы біздің планетамызды айналып өте шықты.

Бүгінгі күні адамзат қоғамы сәуегейлікке аса сене бермейді. Есесіне ғылым мен техника дамып, нәтижесінде ақырзаман туралы жаңа болжамдар айтылып келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында бүкіл тіршілік атаулы өз мәресіне жетеді деген болжам да шыққан болатын. Сұм соғыстың кезіндегі Апокалипсис туралы болжамның ең танымалы АҚШ пен Кеңестер Одағының арасындағы ядролық соғыс болды.

Деректерге сүйенсек, 2000 жылдан бері ақырзаман болады деп болжанған күндердің саны 27-ге жеткен.

Олардың ең негізгілері - «Ванга әже айтыпты, Нострдамус болжапты» деген алып-қашпа сөздер мен Америка құрлығындағы ежелгі өркениет – Майя тайпасы жасаған жұмбақ күнтізбенің 2012 жылмен аяқталуы болып отыр.


Көне Майя өркениеті біздің заманымызға дейінгі 3113 жылдың 13 тамызынан басталады. Уақыт өлшемінің нақтылығы кім-кімді де қайран қалдыратын көне Майя күнтізбесінде 2012 жыл – «Күн батыстан шыққан кез» деп көрсетілген екен. Бірақ одан кейін тіршілік жойылады деп айтылмаған.

Оның үстіне, Майя күнтізбесін арқау етіп, Голливуд түсірген «2012» фильмі отқа май құйғандай әсер етті.

2012 жыл былай тұрсын 2014, 2018, 2019 тіпті 2036 жылдан ары деп көрсетілген бірнеше деректер бар. Бұдан адамзат баласы қанша зерттеп бүкіл өмірін сол жолда сарп етсе де, ақырзаманның қай күні екенін дәлірек айталмайтынына көз жеткіземіз.
0 дауыс
Бул бiтпейтiн алекпен алi шулап журмiсiндер,жай ангiме нарсе,негiзi бул жайлы мешiтке барып сабак алгандар жахсы тусiнер едi,ал бiрак кобiсi кошеде жур,содан естiгенiн халыкка айтып халыкты шулатады,негiзi АКЫРЗАМАН кай уакытта болатынын мухаммед пайгамбар с.г.с нын озiде бiлмеген,олай деуге болмайды,акырзаманнын келу уакытынын оз белгiлерi бар....
0 дауыс
Мейрамек корыкпа Акыр заман болмайды
0 дауыс
Болмайды.100 пайыз гарантия берем болмайды.
0 дауыс
ақыр заманды бір АЛЛА біледі ғой!!АҚЫР ЗАМАН аяқ асты келетін нәрсе,оның бәрі өтірік!!!
0 дауыс
- Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

Читать полностью: http://news.nur.kz/240815.html

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
127,937 сұрақ
322,805 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы