+2 дауыс
532 көрілді
Інім мен сіңілім бір бірімен қырыла береді, бірде тату болады. Қалай тату етіп ұстасам болады. Қандай шара қолданайын? Лекция оқи шаршадым екеуіне.көмектеріңіз керек.

7 жауап

+2 дауыс
Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткенде даналығын тыйдым деңіз. Бала - бала болған соң ойнайды да, қырылысады да, солай жүре бара ер жетіп, бойжетеді де. Оған бола "лекция" оқудың қажеті жоқ, ең бақытты балалық шақ болғандықтан оған тосқауыл қоймаңыз. Есесіне үлкейгенде еске ала жүрер "қызықты" балалық шағы болады.
+2 дауыс
сіңіліңіз бен бауырыңыз тым ерке болар. екеуі төбелескен сайын бас салып арашаға түспей біраз сыртынан бақылап көріңіз, төбелеседі, жылайды жылайды ақыры қояды. олар сіздің үнемі қорғап жүретініңізге қарап әдейі істеуі де мүмкін. ұрса беріп өзіңіздің нервынызды құртқаннан басқа ештеңе өндіре алмайсыз. бос айқайға балалар тез үйреніп кетеді, уақыт өте тіпті құлақтарына да ілмейді. мән бермеуге тырысыныз өздері-ақ қойып кетер, қайткенмен балалық қой
+1 дауыс
)))Меңінше оларға лекция оқудың да ұрсудың да қажеті жоқ,олардың бәрібір қандары бір,қайткен күнде де олар бір біріне соншалықты қиянат жасайтын шығар,каникул кезінде біреуін ауылға әжесінің үйіне біреуін нағашы әжесінің үйіне жіберіңіз.Келгеннен кейін екеуі бір бірін қалай сағынғандарын сонда көресіз))
Өте дұрыс айтасыз,солай істеу керек
+3 дауыс
Айқайлап, ұрысып өзіңіздің жүйкеңізді тоздырасыз, сонымен қатар, балаларға да кері әсері болады) Сондықтан, ұрыспаңыз! Бала ғой...ойнай берсін! Өмірлеріндегі ең керемет сәттері емес пе?! Сіз арнайы ойындар құрастырып, ешкім ренжімейтіндей етіп, қызық ойындар ойнаңыздар!
+2 дауыс
Олардың бір-бірімен таласқанынан келер еш зиян жоқ. "Ырылдарсың қаппассың,менен жақсы таппассың"- дегендей, олар ұялы күшіктей тату өседі, оған сөз жоқ.
+2 дауыс
Жоғарыда айтылғандардың бәріне келісер едім, тамаша жауап! менің де өз жауабым бар, айтарым, ініңіз бен сіңліңізді екі жаққа қыдыртып жіберіңіз: осы оқиға менің де басымнан өткен еді ше, лекция оқудың да қажеті жоқ, менің өзіммен жасты бір бөлем бар еді күнде қыдырып үйге келетін, келген сайын үйде бірдеңені қиратып кетпесе тұра алмайтын, осылай істей берген соң менде оның келгенін қаламай,жыным шығып сөзге келісіп қала беретін едік,сосын ол да келуін сирете бастады, білмеймін, содан кейін оны сағына беретін болдым, қиратқаны үшін ашуланған кейіп танытқаныммен, ол бәрібір өзіме тартып тұратын, сөйтіп 9 сыныпта 3 ай Алматыға ескіше оқуға кетті,содан кейін қайтіп сағынғанымды сөзбен жеткізіп болмайды, сабырлы, байыппен жүретін жігіт болып келді, әжептәуір есейіп қалыпты бала,  екеуіміздің арамызда қазір үлкен сыйластық бар деп айта аламын, негізі солай істеу керек
–1 дауыс
Меніңде бір жас кіші інім бар. Екеуіміз бала күнімізде күнде қырқысып қалады екенбіз. Сонда әкем қазақтың мақалын айтқан еді: "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді". Содан кейін екеуіміз ондай талас-тартысты қойдық, бір-бірімізбен санасатын болдық, бір-бірімізді жүрген жерімізде көтермелеп, қолпаштайтын болдық. Ол өмірдің заңдылығы ғой. Тетелес болғасон болады да!!)))
...