0 дауыс
Кейбіреу бүгін тату ертең араз деген қайырмасы бар әнді тауып беріңіздерші. Өтініш . Өлеңнің нақты атын , орындаушысын білмеген соң таба алмай жатырмын.
29.06.2013 3.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Рамазан Стамғазиев - Дүние-ау

Тыңдау :::: http://el.kz/rubric_audio?audio_id=1021

Жүктеу ::::: http://slider.kz/?act=source1&q=13rkz

әні: Қапез Байғабылұлы

                   

                  Сөзі ::

Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып, қас қылғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды, дүние-ау, жолдасына.

Ахоу! Ақтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркі,
Айдында аққу жүзсе көлдің көркі.
Кейбіреу бүгін тату, ертең араз,
Берген соң бұзылмасын, дүние-ау, ердің серті.

Қасқыр да қас қылмайды-ау жолдасына,
Арамдық болмас егер өз басында,
Жер бетін топан басып, кетсін, мейлі,
Түбінде өзен ағар, дүние-ау, арнасына.
30.06.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы