Жоғарыда айтылғандардың бәріне келісер едім, тамаша жауап! менің де өз жауабым бар, айтарым, ініңіз бен сіңліңізді екі жаққа қыдыртып жіберіңіз: осы оқиға менің де басымнан өткен еді ше, лекция оқудың да қажеті жоқ, менің өзіммен жасты бір бөлем бар еді күнде қыдырып үйге келетін, келген сайын үйде бірдеңені қиратып кетпесе тұра алмайтын, осылай істей берген соң менде оның келгенін қаламай,жыным шығып сөзге келісіп қала беретін едік,сосын ол да келуін сирете бастады, білмеймін, содан кейін оны сағына беретін болдым, қиратқаны үшін ашуланған кейіп танытқаныммен, ол бәрібір өзіме тартып тұратын, сөйтіп 9 сыныпта 3 ай Алматыға ескіше оқуға кетті,содан кейін қайтіп сағынғанымды сөзбен жеткізіп болмайды, сабырлы, байыппен жүретін жігіт болып келді, әжептәуір есейіп қалыпты бала, екеуіміздің арамызда қазір үлкен сыйластық бар деп айта аламын, негізі солай істеу керек