+16 дауыс
2.8k көрілді
Сайтымыздың үлгілі де, сабырлы ойдың иесі Мөлдір Амангельдінова қолданушымызды шын жүректен бүгінгі 16 жасқа толған туылған күнімен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт, шаттық тілейміз!  Көздеген арманың мен тілегің орындала берсін дегіміз келеді!

Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,
Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейік сені достым заңғарлардан!

Ақ тілекпен, "Айтабер" блогтұғыры мен СЖ қолднушылары, достарың, қымбаттыларың.   Әр қашанда арамызда ойнап-күліп жүре бер.

27 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Ал Мөлдіржан не дейін енді бақытты бол, басың аман денің сау болсын. Шын жүректен тілеп жатырмыз.
.
Мен енді әдемі құттықтаулар жаза алмайм да, сондықтан мына өлең шумақты Көркемнен СЕН үшін ұрлап алдым, қабыл ал .)
.

Өмірдің әр қырынан іздер арай,

Бақыт құсы самғасын саған  қарай.

Он алтының асуынан еркін асып,

Сәтті қадам басқайсың жүзге қарай!
Не деген сөздер?! Керемееет! Көп-көп рахмееет! (sun)
Айтабер блогтұғыры мен СЖ сайтының қолданушылары, Достарым, Қымбаттыларым, КӨРКЕМ ханым, Барлықтарыңызға...Барлықтарыңызға көптен көп РАХМЕТ!!! Қатты қуанып отырмын)) Шын жүректен алғыс білдіремін! Сіздерге де көлдей көңіл, өзендей өмір тілеймін! Бақытты болыңыздар! (h):):D(sun)
+8 дауыс
Шын жүректен құттықтаймыыыын:) Өмірде барлығы өзің қалағаныңдай жүйелі болсын:)
Блогкэмпте көріскенше:)))
Ой, Рахме-е-ет! Көріскенше)) (hi)
+8 дауыс
Шын журектен айтамын мұны саған,
Жоламасын тағдырдың мұңы саған.
 Ісің сәтті, өмірің тәтті болып,
Жауа берсін Алланың нұры саған!(f)(f)(f)
Амин, айтқаныңыз келсін! Рахмет! Алла разы болсын!!!
+8 дауыс
Сайтымызда белсендiлер көп екен,
Қарындасым Мөлдiр соның бiрi екен.
Қазақ үшiн үлесiңдi ескерiп,
Артық болмас данышпанға теңесем.)
Құтты болсын, он алты жас мерекең!
Таси берсiн ырыс, бақыт, берекең!
Достар елеп жатырғанда менiң де,
Ақ тiлектi ақтарғаным жөн екен.
Ешбiр сызат түспесiншi жаныңа!
Қайғы көрме, налымағын, жадыра!
Бiр "бақытқа" бар тiлектi сыйғызып,
Сол бақытты тiлейiншi бағыңа!!!
Ой, көп-көп рахмееет! Алла разы болсын! (sun)
+5 дауыс
Жасың құтты болсын, болашағыңнан көп үміт күттіретін азаматша ретінде қатты сыйлаймын, бақытты бол (өлең шығаратын ақын емеспін, сонда да өткенде бір жауап жазып едім соны саған да айтайын деп отырмын)
.
Ешқашан Вирус кірмейтін система
4 гегабайт оперативка
Жанып кетпейтін видеокарта,
бұзылмайтын клавиатура
Тышқаныңыз мәңгі бірге
Мегалайын, үзілмейтін интернет
Айналайын, Мөлдіржан
Тілеймін бәрін саған
.
Аздааап қуып кеттім-ау деймін...........
Тамаша тілектер! Сізге көп-көп РАХМЕЕЕТ!!! (sun)
+8 дауыс
Құттықтау сөз өте күшті жазылған!Менде Мөлдірге әлемдегі баар жақсылықты тілеймін..Достарыңның алды болма көз тиеді,достарыңның арты болма сөз тиеді.Тек қана достарыңның ортасында күліп-ойнап жүре бер дегім келеді.Таңғы тілегімді қабыл ал!:P
Қабыл алдым, Ақмарал!) Рахмет=))
+5 дауыс
Өмiрде ДОСТЫҚ жолы қиын дейдi.
Досқа кiм жақсы тiлек тiлемейдi.
 Аңсаған арманыңа бақытпен жет.
Осы ғой достың досқа тiлейтiнi.
Арманың Алатаудай биiк болсын.
Қиялың тұлпарыңдай жуйрiк болсын.
Бакытың тау суындай таусылмасын.
Өмiрде шын Махаббат сенде болсын.   
Орындалсын арманың мен тiлегің.
Әркашанда соға берсiн жүрегiң  
Бақытты бол сүйгеніңмен қашанда.
Осы менiң саған айтар тiлегiм.
Ризамын, Айзада!) Рахмет! Тілектеріңіз қабыл болсын, иншАллаһ! :)
+5 дауыс
Құрметті, Мөлдір әпке туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі бар жақсылық пен мейірімді тілеймін! Армандарыңызға жете беріңіз! (*)
Амин! Рахмееет, Дина! Өзіңе де барлық жақсылықты тілеймін!!!(f)
+5 дауыс
Мөлдір туған күнің құтты болсын.Саған тек бақыт,деніңе саулық,ұзақ ғұмыр тілеймін.Осы сайтта белсенді болып жүре бер.
Көп-көп рахмет, Манас!) Амин! Айтқаныңыз келсін! :))
+5 дауыс
Мөлдіржан,туған күніңмен құттықтаймын! Халқымыздың ақылына көркі сай асыл аруларының бірі болуыңа тілектеспін.(f)
Рахмет, Жако ағай! Айтқаныңыз келсін! Сізге Алла разы болсын! :)
+3 дауыс
Мөлдір жарқыным, жаным сіңлім туылған күніңмен құттықтаймын! жасыңа жас қосылып жатыр бугінгі куні 16жасың құтты болсын.Денің сау, басың аман болсын.Арамыздағы ең тәп-тәтті суйкімді бойжеткен болып жүре бер.Және өзіңнің есіміңдей Мөлдір, таза, ақ періштедей болып әрдайым езуіңнен кулкі кетпесін...Алдығы 9сыныпты қызылмен бітіріп, 11сыныпты ҰБТ-ны жақсы тапсырып, қалаған мамандығыңның иесі бол!
<a href="http://image.kz/"><img src=" title="" alt="" /></a>
<a href="http://image.kz/"><img src=" title="" alt="" /></a>
<a href="http://image.kz/"><img src=" title="" alt="" /></a>


Неғо кешке шәй дайындап қоясыңғо СЖС жиналып барамыз....
Ой, жаным сол, көптен көп Рахмет!!! Амин! Өзіңе де барлық жақсылықты тілеймін! Езуіңнен күлкі кетпесін! (f):* Әрине! Келіңіздер, келіңіздер!!!
+3 дауыс
ЖАНЫМ-АУ ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН БАРЛЫК ЖАҚСЫЛЫҚ,БАҚЫТ қолыңа қонсын.
Рахмееет, Ең Ақылды Қыз!) (f):*
+4 дауыс
Моника туған күніңмен!..)*Мен негізі Мониканы кешее құттықтап қойып едім..)Ал жарайды тағыда Туған күнің құтты болсын,Моника.!Өмірде бақытты бол,бағың ашылсын.
 Жүрегің таза болсын, ақ болсын,
 Көңілің көтеріңкі, шат болсын.
 Достарың одан ары көбейіп,
Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!  дегім келеді..))*
Гаухаржан, тағы да рахмет! Өзіңе де әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін!) (f):*
+3 дауыс
Аяаулы да, ардақты МӨЛДІР!
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін бұл өмірде асқақ арман.
Тілеймін арманның аяаулысын.
Тілеймін бақыттын баяндысын ,
дей отырып айтылып жатқан тілектерге қосыламын.
Ерке Наз, керемет тілектеріңізге рахмееет! (f) :)
Оу, Ерке Наз ешкім де өшірмепті ғой, міне тұр ғой))))
+3 дауыс
Туылған күніңмен)  (*)
Көп-көп Рахмет, Алишер! :)
...