+1 дауыс
2.4k көрілді
Сәлеметсіздерме достарым, бауырларым, аға-әпкелерім!
Менің өзімнен кіші 3жастағы сіңлім мен 10айлық інім бар. Солармен ойнайтын тақпақ ойын керек еді.Біра жағынан сіңлімде тақпақ жаттап уйренсін.10айлық інім ештеңе түсінбеседе секіріп ойнағанға мәз болады.Олар кунде:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырлы,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жугірді,
Қарап еді артына
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің...

деген тақпақты іс-қимылмен айтады.Енді сұрақ: Дәл осы сияқты тақпақ ойындар керек еді? Егер өздерің видеосымен түсіріп ютубке салып жіберсеңіздер тіпті мәз болам, болмаса іс қимылдарында жазып жіберіңіз.Алдын ала алғысым....

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
мен інілеріме кішкентай кездерінде мына тақпақты жаттатқызатынмын:
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада
А деді, Б деді
Р-ға тілі келмеді ))

3 жастағы сіңліңе санамақтар үйретсең болады. Санамақтар мына жерде http://balalar.ucoz.com/publ/1
көп рахмет...
0 дауыс
МҰҒАЛІМ
Білімнің жаққан шырағын,
Кездессе қайда мұғалім,
Беремін сәлем ізетпен,
Басымды иіп тұрамын.

Санамның аршып бұлағын,
Жаттаған үнін құлағым.
Жақсылық жолын үйреткен,
Қадірлі адам - мұғалім.

Өмірлік қымбат мұғалім,
Қадірлі жан деп ұғамын.
Атанып жақсы ұланың,
Жолыңды жарқын қуамын.




АНАМЫЗ БАР МЕЙІРЛІ
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек
Сый берер ек талай біз.
...