0 дауыс
87.3k көрілді
2-жастағы балаға жаттататын тақпақ керек еді
Жаңа жылда айтылатын аяз ата туралы тауып бере аласыздарма отінем!:)

9 жауап

0 дауыс
осы жерден қалаған бір шумақты жаттатқызыныз




Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын

Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.

Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.

Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...

Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Аязата ешкімді алаламас,
Шырша түбі сыйлықтан құр қалмас.

Қояндарға береді ойыншықтар
Жай емес ол ойыншық – жұмсақ қасқыр
Қорқақ емес ендігі қояндар да
Ойнайды олар, қолында бір – бір қасқыр.

Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
+1 дауыс
Менің ойымша 2 жасар балаға көп және ұзақ тақпақтың керегі жоқ.Менің ұсынар тақпағым:
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Тақпақ айтқан балдарға,
Тәттілерін беріп тұр.
Бұл 2 жасар баланың басына ауырлық етпейді деген ойдамын.(clap)
Йа оп-оңай
0 дауыс
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
А деді Б деді
Р ға тілі келмеді)
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қапты масқара
0 дауыс
Сақалы ақ,мұрны қызыл,
Жылы екен жүзі де.
0 дауыс
2 жастағы бала сөйлей алама не? ))))))))))))))))))))
0 дауыс

Ақ қырауға малынған

Сақала да мұрты да

Аяз ата сағынған

сәлем берді жұуртына!

0 дауыс
Сыйлыктарын мол алып Келди аяз ата оралып
0 дауыс
Отырып-тұру

Кәне қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар

Отырыңдар, тұрыңдар,
Маған мойын бұрыңдар.

Қолымызды жайайық,
Құстай қанат қағайық.

Аяқты бір басыңдар
Кәне тағы - тағы да

Қол соғайық жабыла
Кәне тағы - тағы да!

Бұл тақпақты балаға көрсете отырып жаттатсаңыз (отырып-тұрып, қолыңызды жайып, аяқпен қадам жасап т.б.),  қызықты және бала тез жаттайды.
0 дауыс
Бас аяқты топ-топ

Шапалақты соқ-соқ

Бір анда,бір мында

Өзін-өзі айнала!!
...