0 дауыс
2.0k көрілді
Ең жақсы фильмдерге және актерларга ОСКАР сыйлығы берілетінін білем. Бірак ОСКАР деген адам аты ма? оның сыйлығына не беріледі? (ақшалайма...басқама) Оскар жүлдесін кім береді? осы жайлы мағлұмат берсеңіздер, осыны біліп алсам...

2 жауап

0 дауыс
«Оскар» (англ. Oscar) – Америка киноөнері академиясының әржылдық жүлдесі. Бұл АҚШ-тың еңтанымал киноматографиялық марапаты. «Оскарды» тапсыру салтанаты әлемнің ондаған елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі. Тіпті «Оскарға» кандай да бір табынушылық бар деп айтуға болады. Басқа кинофстивальдерден ерекшелігі «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, Академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады.
«Оскар» жүлдесінің тарихы
«Оскар» жүлдесі алғаш рет 1929 жылы тапсырылды. 1976 жылға дейін салтанаттың тікелей көрсетілімі «NBC» арнасы арқылы жүргізілді, содан бері бұл құқық «ABC» арнасына тиесілі. Қазіргі уақыттағы соңғы, мүсіндерді тапсырудың есеп бойынша 80-салтанаты 2008 жылдың 24 ақпанында, жексенбіде голливудтық «Kodak Theatre»-де өткізілді.
2007 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Америкалық Киноакадемия 16 салаға бөлінген 5830 дауыс беруге құқылы мүшелерден тұрады. Актерлық сала ең басым болып табылады(1251 дауыс беретін қатысушысы бар). Әр сала өз категориясы бойынша дауыс береді(актерлар ең жаксы актерды, ең жақсы актрисаны және т.б. таңдайды). «Ең жақсы деректі фильм», «ен жақсы шет тіліндегі фильм», «ең жақсы грим», «ең жақсы кысқаметражды фильмдер», «ең жақсы дыбыс монтажы» және «ең жақсы арнайы әсерлер» категориялары бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін киноакадемиядан тыс арнайы топтар құрылады.
Киноакадемияның барлық мүшелері тек бір ғана категория – «ең жақсы сурет» үшін дауыс береді.
«Оскар» жүлдесінің номинациялары
Қазіргі уақытта «Оскар» 24 негізгі номинация бойынша тапсырылады:
Үздік жыл фильмі – 1928 жылдан бері
Үздік ер ролі – 1928 жылдан бері
Үздік әйел ролі – 1928 жылдан бері
Екінші жоспарлы үздік ер ролі – 1936 жылдан бері
Екінші жоспарлы үздік әйел ролі – 1936 жылдан бері
Үздік толықметражды анимациялық фильм – 2001 жылдан бері
Үздік суретші-қоюшының жұмысы – 1928 жылдан бері
Үздік операторлық жұмыс – 1928 жылдан бері
Үздік костюмдер дизайны – 1948 жылдан бері
Үздік режиссура – 1928 жылдан бері
Үздік толықметражды деректі фильм
Үздік қысқаметражды деректі фильм
Үздік монтаж – 1935 жылдан бері
Үздік шет тіліндегі фильм – 1947 жылдан бері
Үздік грим – 1981 жылдан бері
Үздік музыка – 1934 жылдан бері
Үздік ән – 1934 жылдан бері
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – 1931 жылдан бері
Үздік қысқаметражды көркем фильм
Үздік дыбыс -1930 жылдан бері (3-ден 41-салтанатқа дейін 1930-1968 жылдар аралығында студиялар марапатталды, 1969 жылдан бастап дыбыс жазушы адамдарға берілетін болды)
Үздік дыбыстық монтаж – 1963 жылдан бері
Үздік визуалдық әсер – 1939 жылдан бері
Үздік сценарий-бейiмделу – 1928 жылдан бері
Үздік бiртума сценарий – 1940 жылдан бері
Негізгі номинациялармен қатар «Оскар» арнайы номинациялар бойынша да тапсырылады. Олардың иегерлері Академияның арнайы құрылған комитетімен анықталады да, негізгі салтанаттан тыс тапсырылады. Қазіргі уақытта мұндай номинациялардың саны 4:
    Киноөндірісінің дамуына қосқан продюсерлік үлесі үшін берілетін Ирвинг Тальберг атындағы жүлде,
    Гуманистік жетістіктері үшін берілетін Джин Хершолт атындағы гуманитарлық жүлде,
    Киноөнерінің дамуындағы үлесі және Академия алдындағы қызметі үшін берілетін құрметті «Оскар»,
    Ғылыми-техникалық жетістіктері және АҚШ киноуниверситеттерінің студенттерімен қойылған көркем фильмдерге берілетін «Оскар».
«Оскардың» алғашқы жылдарында режиссерлер екі категория бойынша марапатталатын – драманың үздік режиссері және комедияның үздік режиссері. Сол сияқты сазгерлер жұмысы да «жеңіл» және «күрделі» болып бөлінді. 1930-1960 жылдар аралығында үздік фильм, үздік суретшінің және костюм дизайнерінің жұмысы жүлделері ақ-қара жане түрлі-түсті киноға жеке-жеке тапсырылған. Сонымен қатар кейбір жылдары мынадай номинациялар болды:
Режиссердің үздік комекшісі – 1933 жылдан 1937 жылға дейін
Үздік хореография - 1935 жылдан 1937 жылға дейін
Үздік техникалық әсерлер – 1928 жылы
Үздік музыка – адаптация или аранжировка
Үздік қысқаметражды түрлі-түсті фильм – 1936-1937 жылдар аралығы
Үздік қысқаметражды екi бобинаға түсірілген фильм – 1936 жылдан 1956 жылға дейін
Үздік қысқаметражды жаңашылдық фильм – 1932 жылдан 1935 жылға дейін
Үздік бiртума әдеби негiз – 1928 жылдан 1956 жылға дейін
Үздік титрлар – 1928 жылы
Орындаудың үздік бiрегей және көркемдiк сапасы – 1928 жылы
Акедемияның жастарға арналған жүлдесі – 1934 жылдан 1960 жылға дейін
Биіктігі 34 см, салмағы 3.85 кг Оскарлық мүсін алтынмен қапталған британийден құйылған жане қара мрамордан жасалған постаментте жатыр. Ол ленталық бобинада тұрған қылышты батырды бейнелейді. Аңыз бойынша, «Оскардың» бейнесін ойлап тапқан Седрик Гиббонс іш пыстыратын бір жиналыста оның эскизін қойын кітапшасына түсіріпті. Академияның құрамына 6000 нан аса адам кіреді. Қызыл кілемнің ұзындығы – 150 метрдей, ені – 10м. Ол әрқайсысы 135 кг-нан тұратын бірнеше орамадан тұрады, ал оның жалпы салмағы – 5 тонна. Кинотеатрға кілем салтанатқа 4 күн қалғанда екі үлкен жүк машинасымен жеткізіледі. Кілемнің бүкіл бөліктерін біріктіріп, қиылысқан жерлерін жауып, түзетіп төсеуге 2 күн және 21 адам қажет. Салтанат басы біткен соң кілемді жинай бастайды. Оған 4 сағат кетеді.
Кілемдерді жиектей орналастырылатын биіктіктері 2,5-тен 8 м-ге дейін жететін, салмақтары 550 кг болатын үлкен «Оскар» мүсіндерін әйнекталшықтарынан жасайды. Содан соң жұқа алюминий қабықшаларын жапсырады да сары бояумен бояйды. Оларды үнемдеу үшін алтынмен боямайды емес: арнайы сары бояу софит жарығында алтыннан да жақсы көрінеді. Жұлдыздар оындарынан жаңылыспауы үшін орындықтарға олардың суреті мен есімі жазылған тақташалар қойылады. Фильмде бірге түскен актерлар қатар отырғызылады, мұнымен қатар олардың жанұялық жағдайы ескеріледі: жұбайлары немесе сүйіктілері де жандарында болады. Жұлдыздарды да қатаң тексереді. Алдымен полиция жұлдыздар келген лимузиндарды тексереді, содан соң қызыл кілемге кіре берісте шақыру қағаздарын көрсетіп, металліздеушіден өтеді. Қазіргі уақытта номинанттарға берілген дауыстарды санау үрдісін «Pricewaterhouse» аудиторлық компаниясының мамандары жүргізеді.
0 дауыс
Оскар сыйлығы туралы http://massaget.kz/madeniet/kino/2910
...