+1 дауыс
483 көрілді
Қалай ойлайсыз "Нобель сыйлығы" неліктен математиктерге берілмейді?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бүгінде әлемде берілетін ең беделді де танымал сыйлардың бірі «Нобель сыйлығы» екені бәрімізге мәлім. Танымалдығылығы сонша, оның қай жылы құрылғаны, кімнің құрғаны, қандай мақсатпен құрылғаны жайлы, тіпті қандай номинациялардың бар екенін көбіміз білеміз.

Алайда, бұл сыйлықтың құпиялары да жетерлік. Мәселен, «Неге Нобель сыйлығы математикада жеткен жетістіктерге берілмейді?» деген сұрақтың (меніңше ең басты құпия) жауабы әлі күнге дейін көпшілікті мазалап келгенімен, бізге белгілісі тек ғалымдардың пайымы ғана. Ендеше, солардың ең танымалдыларына көз жүгіртсек.
Бірінші франк-америка нұсқасы: атақты швед математигі, Петербург ғылым академиясының мүшесі Миттаг-Леффлер кезінде Нобель жарының көңілін табуға талпынған екен. Алайда «қыз жүрегін жаулау» формуласын білмеген математик бірнеше сәтсіздікке ұшыраса да, өз дегенінен қайтпаған көрінеді. Уақыт өте келе мұны білген сыйлық құрылтайшысы Миттаг-Леффлер мен ол айналысқан ғылымнан кек алмақ оймен өз өсиетінде математиканы жазбай кетеді.  

Швед халқының нұсқасы: келешек ұрпаққа қалдырылған өсиеттің құрылуы кезінде Миттаг-Лаффер швед математикасында сөзсіз үздік болған екен. Мұны білген Нобель математиканы сыйға енгізу арқылы Миттаг-Леффлерге «Нобель сыйлығы» иегері атануға айтарлықтай мүмкіндік жасайтынын түсінген. Оған қоса, Нобельдің Миттаг-Леффлерді белгісіз себептерге байланысты жеке өмірде де жек көргені (бұл дәлелденген) мәлім.
0 дауыс
Кезінде атын ұмыттым бір математик болған сол Нобельдің әйелімен жатқан сондықтан ол математиктерге нобель бермейди.
Миттаг-Леффлер (finger)
0 дауыс
Мен физиктерге де берілмейді деп естіп едім сол шын ба?
Физиктерге беріледі
...