+3 дауыс
1.1k көрілді

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Өте пессимистік көзқараста жазылған өлеңдер, (өмірге басқа қырынан да қарауға болады ғой) Ақын деген болашаққа сенімді болуы керек. Мысалы зар заман жырауларының өзінен оптимизмнің иісі сезіліп тұрады

Сосын поэзиялық лирика жағынан келгенде арзанқол өлеңдер (тіпті өлең деп те айтуға келмейді)

+3 дауыс

Ақынның мықтылығына сөз жоқ сияқты, ұйқасы,буын сандары бәрі-бәрі жақсы. Бірақ өлеңдердің мағанасына қарасаң өз еліне көңіл толмастық басым. Сөйте тұра осы тығырықтан шығар жол нұсқамайтын жылауық, өксікке толы бірдеңелер. Осы өлеңдерді оқығанда ойыма бірден " Әлде кімдердің тапсырысымен жазылған ба екен?"-деген сұрақ келді көкейіме. Айтатыны өз елінен басқа елдің бәрі жақсы, қазақ сорлы, қазақтың тәуелсіздігі қасірет, сонда ақынның өзі кім? Көксегені не? Өзіме қазіргі үрдіс болған осы бір сарындар ұнамайды. Бүгінгі күнді кешегі 1990-шы жылдармен құлағы саңырау, көзі соқыр біреулер болмаса басқа ешкім де салыстыра алмас деймін. Ал соны бағамдаған ұрпақ ертеңіміз бұдан да жарқын боларына сену керек деп ойлаймын. Сөз түйіні жай ғана газеттер қазіргі күнгі тиражын өсіру үшін көпіртіп жаза беретін, ертең ешкім есінде сақтап қалмайтын өлең деп ойлаймын.

...